{metadescription}
Атырау тұрғындары үш аптадан бері жылусыз отыр
Атырау тұрғындары үш аптадан бері жылусыз отыр

Атырау тұрғындары үш аптадан бері жылусыз отыр

Атырау тұрғындары аязды күні жылусыз отыр. Үш аптадан бері бір көшедегі тұрғын үйлерде газ жоқ. Бала-шаға бүрсең қағып, ас-суын бірі тапсырыспен, бірі газ баллонын жағып пісіруде. Ал көгілдір отынға жауаптылар ақауды таппай жатыр.

Өйткені бұл көшенің газ жүргізілгені туралы техникалық құжаттарын әкімдік әлі «ҚазТрансгаз Аймақ» компаниясына ресми тапсырмапты. Сол себепті жауапты мекемеге құбырдың қалай орналасқанын анықтау қиын.

Атырау қаласындағы Өркен ықшамауданының тұрғындары. Құбырдағы ақауды әне-міне табады деп сабыр танытқанымен, шыдамы таусылған. Өйткені қыстың қытымыр аязы қысып барады. Жылусыз қалған жұрт жөндеу жұмысы тым сылбыр жүріп жатыр деп наразы.

Ақмарал Манжуова:

Кешеден бір тамақты тапсырыспен алдырып жатырмыз. Газ мүлдем жоқ. Жетісінен бері қарай. Кейбір үйде соңғы кездері мүлде жоқ. Кешеден бері мүлдем жоқ. Қалың киіммен ұйықтаймыз.

Гүлшара Тұрғалиева:

Өзім екінші топ мүгедегімін. Инсульт, инфаркт алғанмын. Жүректен операция жасалған. Бізге тоңуға болмайды дейді. Қалай тоңбайсың?! Үйде киіммен жүресің. Үйдің іші боран сияқты қақап тұр.

Үй ішінде күртешемен бүрсеңдеп жүрміз деген тұрғындар «балалар бірінен соң бірі ауырып мазамыз қашты» деп ашынады. Ас-суын баллондағы газға пісіріп берекеті қашқан жұрт жыларман күйге түскен. Ал көгілдір отынға жауапты «ҚазТрансГаз аймақ» өкілдері, жергілікті әкімдік бұл ықшамауданға жүргізілген газ құбырының техникалық құжаты әлі тапсырылған жоқ дейді. Соның салдарынан жер астындағы құбырдың қалай орналасқанын анықтау қиын. Сондықтан ақауды да таппай жатырмыз дейді.

Саламат Ықсанов, «ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ өндіріс техникалық бөлімінің басшысы:

Егер басқа жаңа жерден тағы бірдеңе шығып жатса табу қиын. Сол себептен «ана жерден, мына жерден қазып жатыр» деп. Соған мәжбүр болып жатырмыз. Бұл уақытша істелінетін амал. Бірақ қазір қолдан келгені осы. Себебі халықты газсыз қалдырмауға тырысып жаьырмыз.

 Ал газ құбырларына жауапты жергілікті әкімдік ондаған жылдан бері тапсырмаған техникалық құжатты енді дайындап жатырмыз дейді. Сондықтан дірдектеп тоңған тұрғындардың бүгін де тізесі жылиды дегенге сену қиын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде