{metadescription}
Бір айда кәмелетке толмаған 15 бала жол апатынан өлген
Бір айда кәмелетке толмаған 15 бала жол апатынан өлген

Бір айда кәмелетке толмаған 15 бала жол апатынан өлген

Бір айда кәмелетке толмаған 15 бала жол апатынан өлген. Бұл статистиканы бүгін ішкі істер министрлігі жариялап, жолда сақ болып, әсіресе жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы:

"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы аясында 15 ақпаннан бастап балалардың жол-көлік жарақатына бағытталған "Сіздің балаңыз жолаушы!" акциясы өткізілуде. Республика бойынша бір айда 15 кәмелетке толмаған баладан айырылдық, оның 12-сі жолаушы болды және ата-аналардың абайсыздығынан қаза тапты.

Кісі өлімімен аяқталып жатқан мұндай апаттар қарапайым ережелердің еленбеуінен дейді полицейлер. Тек, жарты айдың өзінде осындай 175 мың жол қозғалысы ережесін бұзу жағдайы тіркелген. 800-ге жуық адам мас күйінде көлік жүргізіп, айып тұрағына шамамен 4 жарым мың машина қойылған. Ішкі істер министрлігі әсіресе, ауа райының нашарлауы кезінде жол көлік қозғалысын қатаң сақтауға және жолдарда мұқият болуға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде