Қостанайда шіркеуді тонаған павлодарлық тұрғын ұсталды
Қостанай полицейлері шіркеудегі құнды заттарды ұрлаған Павлодар қаласының тұрғынын ұстады.
Автор: Сәбит Әлдебай
19.02.2024
58 жастағы ер адам православ шіркеуіне жасырын кіріп, діни жоралғыларға қажетті бағалы бұйымдарды ұрлап әкеткен. Қолды болған заттардың арасында құны шамамен 1 миллион 200 мың теңге тұратын 2 қола креш пен көне жәдігер — конфессия інжілі бар. Полицейлер ұрының ізін суытпай темір жол вокзалынан қолға түсірді. Тәркіленген заттар ғибадатхана қызметкерлеріне қайтарылды.
Карина Базарбаева, Қостанай облысы ПД баспасөз хатшысы:
— Жасырын ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Ұрлық жасағаны үшін ол екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!