Жүргізушілер: Қордайда Мемлекеттік кірістер комитеті қолдан кептеліс жасап отыр
Жамбыл облысында Қырғызстаннан келген жүк көліктері екі аптадан бері кеден бақылау аймағында қаңтарылып тұр. Қордайдағы кеденнен кедергісіз өткен жүк көліктерінің жүргізушілері мемлекеттік кірістер комитеті қолдан кептеліс жасап отыр дейді.
Автор: Сәбит Әлдебай
20.02.2024
Тағаты таусылған тасымалдаушылар тексеріс созбалаңға салынып кеткенін айтады. Суық күнде ас-сусыз отырмыз деген жүргізушілермен КТК тілшісі тілдесіп қайтты.
— Мына жүк көліктерінің мемлекеттік кірістер басқармасының тұрағында тұрғанына жиырма күнге жуықтапты. Шекара мен кеденнен кедергісіз өтіп осы тұраққа келіп тұралып қалған. Ал мұнда әр күніне ақша төлеп шығынға батуда. Түсініксіз тексерістен қажыған жүргізушілер «қамауда отырғандай күн кешудеміз» деп айғайға басты.
Рақымжан Низамов, көлік жүргізушісі:
— Бізге салықшылар дүйсенбі деп уәде берген. Кеше істеген жоқ. Бүгін соляркамыз түбіне келді. Күзетшіге барсам, «шығармаймын» дейді. Не себепті бұл жаққа тыққанын білмеймін. Екі апта 10 күн тұрмыз, білмейміз, не істеп жатқанын.
Дархан Мырзатаев, кәсіпкер:
— Қырғызстан кеденінен өтесің, содан Қазақстанға кіресің. Шекарада машинаны ақтарады, тексереді. Ренгені бар. Көліктер 9-10 күн тұрғаны бар. Тауарларды шашып тастайды. 130 мың жүкшілерге төлейміз. Тұрақты ың теңге қылып қойды, қоймаға кіретін болсақ, 3 мың,5 мың теңге төлейміз.
Ал мына автотұрақ жекенің жері. Мұнда кірген жүк көліктері тексеріс толық аяқталмайынша ешқайда жіберелмейді. Жүргізушілер 10 күнен бері көлікте түнеп жүр.
Рысбек Шаншарбеков:
— Біздің шаруамыз жоқ. Оның бәрін тексеретін салық органынан. Кіргізетін де солар. Солардан сұрасаңдаршы. Біз емес, оны кіргізіп жүрген. Біздікі жеке ғой.
Қордай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы автотұрақты тегін алып отыр екен. Алайда ақысын тексеріске кірген жүк көлігінің жүргізушілері төлейтін көрінеді. Ал апталап тұрақта тұруының себебін 30 күн тексеруге құқылымыз деп түсіндірді. Бұл жұмыстың баяу жүріп жатқаны маманның жетіспеушілігі дейді.
Ғабит Саяқов, Қордай ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы:
— Жекенің жері. Оны жалға алу бізде қарастырылмаған. Қазір ол сұрақ көтеріліп жатыр. Оның шығындарын әзірге жүргізушілер өзі төлеп тұрады. Тексеріс Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқарма тарапынан болып жатыр. Бізде қазір 30 пайыз қызметкер жоқ. Бар болғаны тексеруге жібере алатын екі-үш маманымыз бар. Нұсқама негізінде тексеру 30 күннен аспау керек.
Осылайша шекарадан кірген көліктер легін жалғыз маман жанталасып тексеріп үлгере алмай жатқан көрінеді. Бірақ кеденнен жіберілген көліктердің тізімін біз емес, комитет жібереді дейді. Әзірге мемлекеттік кірістер басқармасы тексерісті жылдамдату үшін тағы бір маман қосамыз дейді. Ал күтуден жалыққан жүргізушілер басқарма басшысының үстінен прокуратураға шағым түсіреміз деп бектініп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!