{metadescription}
15-19 жастағы қазақстандықтардың өлімі — суицид
15-19 жастағы қазақстандықтардың өлімі — суицид

15-19 жастағы қазақстандықтардың өлімі — суицид

15-19 жас аралығындағы қазақстандықтардың өлімінің негізгі себебі — суицид. Мұндай мәліметті БҰҰ-ның Балалар қоры келтірді. Ал жасөспірімдерді өзіне қол жұмсауға психикалық мәселелер итермелейді дейді осы қорға қарасты бағдарламаның үйлестірушісі.

Айгүл Қадырова, БҰҰ Балалар қорының жастар және жасөспірімдердің дамуы бағдарламасының үйлестірушісі:

- Психиканың бұзылуы көбіне жасөспірім кезінде басталатыны дәлелденген. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жататын қызметтердің тізіміне психикалық денсаулық мәселелерін енгізу қажет. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау және білім беру салаларында жұмыс істейтін психологтарды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру керек.

Сенаттағы бүгінгі есебінде сарапшы жасөспірімдер арасындағы өзге де өлім-жітім себептерін атап өтті. Статистикаға сүйенсек, ұл-қыздар суға кетіп, биіктен құлап, сондай-ақ эпилепсия, төменгі тыныс жолдарының инфекциялары және аққан сияқты аурулардан көбірек көз жұмады екен. Ал 34 жас аралығындағы жастардың өліміне негізінен жазатайым оқиға, улану, жарақаттану, көлік апаты мен суицид себеп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде