{metadescription}
Алматының кәріз қалдығы бар көлден тонналап балық аулап, әр өңірде сатқан
Алматының кәріз қалдығы бар көлден тонналап балық аулап, әр өңірде сатқан

Алматының кәріз қалдығы бар көлден тонналап балық аулап, әр өңірде сатқан

Алматы облысында Сорбұлақтың балығын саудалағандар құрықталды. Браконьерлер Алматының кәріз қалдығы жиналатын жасанды көлдегі өнімді тонналап аулап, елдің әр өңіріне жөнелтіп келген.

Құрамында 11 мүшесі бар қылмыстық топ арнайы жасақ күшімен ұсталды. Олардан тіркелмеген қару-жарақ, оқ-дәрілер және балық аулауға арналған заңсыз құрылғылар тәркіленді. Браконьерлерді ұстаған кезде ауланған балықтың көлемі 3 тоннадан асқан. Мұның өзі 17 миллион теңгеге бағаланды. Бұған дейін лас көлден ауланған қанша тонна балықтың базарға кеткені белгісіз. Оны енді тергеу анықтайды. Әзірге анығы, балық елдің түкпір-түкпіріне жіберілген. Қылмыстық топтың бірнеше мүшесі қамауға алынды. Алматының кір-қоңын жоғарыдан төмен қарай шайып өтетін ағын су Сорбұлаққа жиналады. Санитарлық аумаққа кіретін көлдегі балықты пайдалану адам денсаулығына зиян.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде