{metadescription}
Ақтөбе облысында асыл тұқымды малға бөлінген ақша басқа мақсатқа жұмсалған
Ақтөбе облысында асыл тұқымды малға бөлінген ақша басқа мақсатқа жұмсалған

Ақтөбе облысында асыл тұқымды малға бөлінген ақша басқа мақсатқа жұмсалған

Ақтөбе облысында шаруалар шатылып жатыр. Олар мемлекеттік бағдарлама бойынша асыл тұқымды мал алуға бөлінген ақшаны басқа мақсатқа жұмсап жіберген. 

Аймақтағы үш шаруа қожалығының басшысы «Сыбаға» мен «Агробизнес» бағдарламасына құжаттарын тапсырады. Мал басын көбейтеміз деп уәдені үйіп-төгіп, бизнес жоспарларын да ұсынады. Бірақ қолына ақша тигенде ірі қара алуды дұрыс деп таппаған.

Сондықтан үшеуі де алаяқтық бабымен айыпталып жатыр. Өйткені олар аграрлық кредит корпорациясынан алған 200 миллион теңгені өз қажетіне жұмсаған.

Өркен Есжанов, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі:

Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болуына байланысты материалдар Экономикалық тергеу департаментіне жолданды. ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тергеу нәтижеcі бойынша бір қылмыстық іс сотқа жіберілді. Екі іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде