{metadescription}
Петропавлда жер үй өртеніп, екі адам зардап шекті
Петропавлда жер үй өртеніп, екі адам зардап шекті

Петропавлда жер үй өртеніп, екі адам зардап шекті

Петропавлда сақылдаған сары аязда жер үй өртеніп, екі адам зардап шекті. Олар суықта баспанасын жылыту үшін пешке көп көмір салып қойған.

Рабочий кентіндегі жер үйде өрт таң ата басталған. Өрт сөндірушілер де кешікпей жетіпті. Бірақ бұл уақытта тілсіз жау ағаштан салынған үйдің кіреберісін шарпып үлгерген. Жалынды төрт арнайы көлікпен келген 16 адам жабылып жүріп әрең ауыздықтапты. Үй иелері 46 жастағы әйел мен 41 жастағы ер адамның денесін күйік шалған. Қазір әйел адам ауруханада жатыр. Оның өміріне еш қауіп жоқ дейді дәрігерлер. Ал, мамандар өрт пештен шыққан болуы мүмкін деп отыр. Қазір өңірде ауаның температурасы 30 градустан төмен. Сондықтан жұрт үздіксіз от жағып жылынуда.

Евгений Журавлев,СҚО ТЖД бас маманы:

Тұрғындар алдымен үйлеріндегі пешті қысқа әзірлеуі керек. Уақытында жөндеу жүргізіп, түтін шығатын мұржаға дейін тазартып, қабырғаның жарылған жері болса сылап, қауіпсіз етуі тиіс. Осыны ескермегендіктен өкінішті жағдай да болады. Пештің есігінің тығыз жабылуын да қадағалау керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде