{metadescription}
Маңғыстау облысында төгілген мерзімі өткен сусынды балалар ішіп жүр
Маңғыстау облысында төгілген мерзімі өткен сусынды балалар ішіп жүр

Маңғыстау облысында төгілген мерзімі өткен сусынды балалар ішіп жүр

Маңғыстау облысында белгісіз біреулер мерзімі өткен сусындарды ауыл маңына төгіп кеткен. Қоқыста жатқан сапасыз өнімдердің қызығын енді ойын балалары көріп жүр. Мұны ішкен балақайлар уланып қала ма деп қорқады тұрғындар.

Танымал брендтегі сусындарды Басқұдық ауылының маңына жүк көлігімен әкеліп төккен. 10 тоннадан астам өнім тау болып үйіліп жатыр. Оны балалар үйіне тасыса, тіпті кейбіреуі көлігіне тиеп әкетіп жатыр. Тұрғындардың шағымынан кейін әкімдік өкілдері қоқыс алаңындағы сапасыз тауарларды трактормен таптап аумақты тазалаған. Алайда сусындарды кімнің әкеп тастағанын әлі анықтай алмай отыр.

Айбек Жангелдин, Басқұдық ауыл округі әкімдігінің бас маманы:

Он техниканың көмегімен, жүк көлігімен көмдірдік. Оқиға орнында мерзімі өткен сусындарды төккен техникаларды әлеуметтік желі арқылы анықтадық, бірақ мемлекеттік белгісі көрінбейді. Қоқыс төккендер іздестіріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде