{metadescription}
Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы маусымға дейін салынып бітеді
Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы маусымға дейін салынып бітеді

Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы маусымға дейін салынып бітеді

Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы ескі терминалмен жерүсті өткелі арқылы жалғанады. Қазір нысандағы құрылыс 87 пайызға біткен. Маусым айына дейін толық аяқталады.

Бірнеше рейс қатар аттанар кезде әуежайда жолаушыларға орын тапшылығы мен кептеліс мәселесін ойлап, қосымша 1200 орындық көлік тұрағын жасамақ ниетте. Жалпы халықаралық терминалдың аумағы 55 мың шаршы метрден асады. Онда 40 тіркеу пункті болады. Жоба құны – 200 миллион доллар. Жоспарға сәйкес, ескі терминал жөндеуден кейін ішкі рейстерге пайдаланылады. Aл жаңа терминал ескі терминалмен жерүсті өткелі арқылы жалғанып, жолаушыларға ғимараттың сыртына шықпай-ақ ұшаққа мінуге мүмкіндік береді.

Алматы әуежайы негізінен жылына 2 миллион 700 мың адам қабылдауға арналған. Бірақ бұл көрсеткіш биыл 9 жарым миллионға жетуі мүмкін. «Жаңа терминал ашылса, онда бір жылда 14 миллион қонақ қабылдай алатын мүмкіндік туады» - дейді әуежай басшылығы.

Эрсой Альп Ер Тунга, Алматы халықаралық әуежайының президенті:

Жаңа терминалдың құрылысына шамамен 200 миллион доллардан астам қаржы кетті. Онда барлық қажетті техника мен әуежай жабдықтары қойылды. Ана мен бала бөлмелері қарастырылған. Әр қабатта мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалған. Балаларға арналған ойын алаңдары бар. Сондай-ақ жаңа терминалда қазақстандық авиация музейі болады. Біз енді қазіргі ескі терминалға қосымша тағы 10 млн доллар бөліп, ол жақты да жаңартамыз.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.