{metadescription}
Ақшұқыр ауылында тұрғын үйдің бірінде жылу қазандығы жарылды
Ақшұқыр ауылында тұрғын үйдің бірінде жылу қазандығы жарылды

Ақшұқыр ауылында тұрғын үйдің бірінде жылу қазандығы жарылды

Маңғыстау облысындағы тұрғын үйдің бірінде жылу қазандығы жарылды. Оқыс оқиға Ақшұқыр ауылында үй иелері шырт ұйқыда жатқанда болған.

Жылу қазандығы ауладағы бөлек ғимаратта орналасқандықтан, үйге залал келмеген. Қатты гүрсілден тұрғындар шошып қалыпты. Жойқын жарылыстан сарайдың сау тамтығы қалмай, аула быт-шыт болған. Бұл жағдайға тұрғындар жергілікті әкімдікті кіналап отыр. Себебі ауылда жарық жиі өшеді. Сондықтан үй жылытатын қондырғылар осылай істен шығып жатыр дейді.

Ақиқат Жауынов:

20 ақпанда кешкі сағат 6-да жарық сөніп, сорғыштың істемей қалуынан суы айналмай, осындай жағдай болып отыр. Күнара жарық сөнеді. Біз әкімдіктен жауап күтсек, он сегізінші жәшікте ақау бар дейді. Кейде жеке кәсіпкерлердің қарамауынан ақау шығып жатыр дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде