Кәріз құдығына құлап кеткен алты жасар қыз құтқарылды
Қостанайда кәріз құдығына құлап кеткен алты жасар қыз құтқарылды. Әуежай шағын ауданында аулада жүрген ойын баласы абайсызда шұңқырға түсіп кеткен.
Автор: Сәбит Әлдебай
21.02.2024
Төтенше жағдайлар қызметінің жедел құтқару жасағы оқиға орнына тез жетіп, қыз баланы аман-есен шығарды. Оған осы жерден өтіп бара жатқан тұрғындар да көмектескен. Құтқарушылардың сөзінше, құдықтағы шайынды судың деңгейі 70 сантиметрге дейін жетіпті. Абырой болғанда қыз ағынға ілеспей, құтқарушылар келгенше жағаға жармасып тұрыпты. Алайда аязды күні мұзды суға құлаған балдырған қатты тоңып қалған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!