{metadescription}
Алматы облысында 200-ге жуық отбасы саяжайына қатынайтын автобус сұрап отыр
Алматы облысында 200-ге жуық отбасы саяжайына қатынайтын автобус сұрап отыр

Алматы облысында 200-ге жуық отбасы саяжайына қатынайтын автобус сұрап отыр

Қоғамдық көліктің жоқтығы тұрғындарды табанынан тоздырды. Алматы облысында 200-ге жуық отбасы саяжайына қатынайтын автобус сұрап отыр. Тұрғындарды тасуға тиіс көлік «Береке» саяжай бірлестігінің аялдамасына тоқтамай өтіп кетеді екен. Ал жергілікті жұрт автобус алып кететін аялдамаға дейін екі шақырымдай жолды жаяу еңсеріп жүр. Жаяу-жалпы жүруден мезі болған халық бүгін әкімдіктің алдына жиналды.

Мәселе мынада, қараңыздар, «19» деп аталып кеткен саяжайдың басты жолы. Негізі ар жақтан келе жатқан автобустар «Береке», «Рахат» саяжай бірлестігіндегі тұрғындарды алып, ары қарай өтуі керек еді. Бірақ қазір қоғамдық көліктер мұндағы тұрғындарды мүлде елемей, басты жолмен өтіп жатыр дейді.

Зардабы бақандай 200 отбасыға тиіп отыр. Бәрі бірдей автобусқа отыру үшін екі шақырым, түсіріп кететін аялдамадан үйіне тағы екі шақырымдай жолды жаяу жүріп өтеді. Әсіресе, өзі әрең жүретін зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға қиын. Ал сақылдаған сары аязда жаяу жүру мүлде азап.

Әсия Оразымбетова:

Суықта бізді осы жолға тастап кетеді, «не істесеңдер соны істеңдер» деп. «Әкімдікке барасыңдар ма, басшылыққа барасыңдар ма, қайда барсаңдар сонда барыңдар» деп. Осындай жүгіміз болады. Базарға таң атпай барамыз. Шаруамен жүреміз. Қақаған аязда осы жолға тастап кетеді. Ішке кірмейміз дейді.

«Ішке кірмейміз» деп есрігеніне бір айдай болған. Негізі осыған дейін мұнда қозғалатын қоғамдық көліктер жекменшік автобус паркіне тиесілі болыпты. Айтуларынша, былтыр мемлекет өз қарамағына алып, автобустың жүру бағытын белгілеген. Сызбада саяжайдағы аялдамаға тоқтауы керек еді. Бірақ одан нәтиже көрмедік деп отыр.

Асан Шегебаев:

Үкімет машина бөлді. Ол схема түсті деп қуанғанбыз. Қуанышымыз көпке бармады. Автобус қаласа келеді, қаламаса жолдан тастап кетеді. Автопарк басында жол жүреді деген кезде, схемада 30 минут сайын жүру керек. Жобаларында бар. Бірақ соны орындамай отыр ғой.

Жоспарды орындамай отырғанын автобус паркінің басшысы жолдың нашарлығымен байланыстыра кетті. Сөйтсе оның автобустары тек асфальт тжолмен ғана жүреді екен.

Ерлан Көшірбаев, автобус паркінің басшысы:

Батаннан Алтын ордаға дейін 7 автобус жүр. Негізі олар «Берекеге» кіру керек. Бірақ жол жоқ, кіре алмаймыз. Әкімдіктпен сөйлесіп жатырмыз, жолды жөндеп, сосын автобустарды кіргіземіз.

Ал осыған дейін неге жол төселмегеніне әкімдіктегілердің дайын жауабы бар. Саяжай болған соң құзырымызға кірмейді деп отыр. Бірақ биыл ауыл статусы берілетін көрінеді.

Жанат Шәкіров, Қарасай ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

Асфальт төсеу жоспарланып отыр. Асфальт төсегеннен кейін толыққанды, тұрақты маршрут кіргіземіз. Оған дейін, қазір мына жерде тасымалдаушының адамдары тұр, солармен келісіп, жолға құм себу жұмыстарын жүргізіп, егер күн жылып жатса, грейдермен тегістеп, күтіп ұстауға жұмыс істеп тұрамыз. Және саяжайға маршрутты кіргізіп тұрамыз.

Тұрғындар мұндай жауапты талай естігенін айтты. Сондықтан шенеуніктерге сенімі мүлде жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.