{metadescription}
«Әлемде баламасы жоқ». Қарағанды облысындағы жылқыларға отандық вакцина егіледі
«Әлемде баламасы жоқ». Қарағанды облысындағы жылқыларға отандық вакцина егіледі

«Әлемде баламасы жоқ». Қарағанды облысындағы жылқыларға отандық вакцина егіледі

Қарағанды облысындағы жылқыларға отандық ғалымдар ойлап тапқан вакцина егілетін болады. Эпизоотиялық лимфангит дертіне қарсы екпе зертханалық сынақтан сәтті өтіпті. Жұмыр тұяқтыларда тарайтын кесел өңірдегі төрт ауылдың жылқыларынан анықталған.

Вирусты лимфангит Ынталы және Үміткер аулылдарындағы жылқылардан тоғыз ай бұрын анықталған. Содан бері ол ауылдар карантинде. Енді Үміткермен жайлауы бір Үлгі мен Төрткөл ауылы да соның кебін киді. Өйткені бір ай бұрын осы ауыл жылқыларының денесіне жара қаптап арам қата бастаған. Зертханалық сараптама екі қайтара жүріп, лимфангит екені расталыпты. Аталаған ауылдарда осы күнге дейін кесел жұқтырып арам қатқаны мен жойылған жылқының саны 185-ке жетті. Барлығының нарықтық құны өтелді. Енді Отардағы ғылыми зерттеу инстутуты ғалымдары шығарған дертке қарсы екпе каратиндегі жылқыларға егіле бастайды. Вакцинаның әлемде баламасы жоқ дейді мамандар.

Ержан Бекетбаев ҚР АШМ ветеринария бақылау комитетінің Қарағанды облысы инспекциясының жетекшісі:

Ол зертханада тексерілді, бүгінгі күнде дайын. Енді ол вакцинаны іс жүзінде карантин қойылған аумақтың сау малдарына егіп, апробация жүргізуге дайынбыз. Мынау күн райымен байланысты келе алмай отыр. Келесі жұмада вакцинацияны бастаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде