Қытайдың Алматыдағы бас консулдығында Шамдар мерекесі ұйымдастырылды
Қытай халқы шамдар мерекесін тойлап жатыр. Бұл шара Шығыс жылнамасында Жаңа жыл мейрамын тойлату аяқталып, нағыз көктемнің басталғанын білдіреді. Аспанасты елінің дәстүрлі мейрамына орай Қытайдың Алматыдағы бас консулдығында ерекше кеш ұйымдастырылды.
Автор: Әсем Лесбек
21.02.2024
Цзян Вэй, ҚХР Алматыдағы бас консулы:
— Біз бүгін қазақстандық достарымызбен көктем мерекесін қарсы алып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Шамдар фестивалі қытайлықтардың Жаңа жылды тойлауы аяқтағанын білдіреді. Осыған орай қойылымда өнерпаздар айдаһар немесе жолбарыс бейнесіндегі шамдармен би билеп, ағашаяқпен жүреді. Меніңше, Қытай туралы хабары бар кез келген адам бұл мерекенің жергілікті халыққа маңызы зор екенін түснідіргіміз келді.
Шамдар мерекесі жаңа жылдың алғашқы туған айының 15-ші жұлдызында атап өтіледі. Тарихы императорлар заманынан бастау алады. Әдетте бұл күні дәстүрлі шамдар, гүлшоқтар мен желпуіштерді жасау бойынша шеберлік дәрістер өткізіледі. Оған негізінен жасы үлкен және мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысады. Ал мейрамның басты нышаны — қызыл шамдар мен бәліштер. Алматыда шараны атап өткендердің қарасы қалың болды. Мейрамхана іші түрлі-түсті әшекейлермен безендіріліп, шамдармен әсемделген.
Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы:
— Мен өзім Қытай елінде туып-өстім. Бірақ ата жұртта қоныс аударып, осында өмір сүріп жатырмын. Екі елдің достығы жасасын. Ең басты мақсат — бір-бірін көру, амандасу, жылы сөздер айту дегендей. Барлығы татулыққа, берекеге шақырады ғой. Сондай бір мерекенің бірі деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!