{metadescription}
Педофилдер өмір-бақи бостандығынан айырылады, әйелін сабағандар да сотталады
Педофилдер өмір-бақи бостандығынан айырылады, әйелін сабағандар да сотталады

Педофилдер өмір-бақи бостандығынан айырылады, әйелін сабағандар да сотталады

Педофилдерге енді елдегі ең ауыр жаза — өмір-бақи бас бостандығынан айыру тағайындалады. Мәжіліс осындайөзгеріс енгізген "Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Дегенмен алғашында ұсынылғандай, хирургиялық кастрация жасалмайды. Оған себеп көп. Сондай-ақ осы заңда отбасын ойрандап әйелін сабауды әдетке айналдырғандардың да жазасы қатаңдатылды. Олар 8 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Кастрация, дарға асу, улы екпе жасау. Әлем елдерінде педофилдерге қолданылатын ең ауыр жазалардың бұл бір парасы ғана. Біздің елдің депуттары да азғындарға жазаны қатаңдатуды талқылап, кейін заңды әзірлеп-пысықтағанына біраз болды. Талай бүлдіршіннің болашағына балта шапқандар енді өмір-бақи бас бостандығынан айырылады. Оларға басқа үкім жоқ.

Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс депутаты:

Енді жаңа заң бойынша педофилдер түрмеден ешқашан шыға алмайды. Сондай-ақ өтелмеген жаңа мерзім қысқартылмайды. Жазаның жұмсақтау түрімен ауыстырылмайды. Педофилдер рақымшылық ала алмайды. Оған қоса балаларға қатысты жасаған аяусыз қылмыстары үшін бітімгершілік қарастырылмайтын болады.

Ал педофилдерге хирургиялық кастрация да жасау керек деген бірқатар депутаттың дегені болмай қалды. Мұндай ұсынысқа Үкіметтен кері жауап келген. Оған сәйкес, онсыз да өмірінің соңғы күніне дейін түрмеге тоғытылғандарды кастрациялау адамшыққа да жат әрі бюджетке орынсыз салмақ салады екен.

Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Педофилизм мидың проблемасы. Оны піштіргенмен, басындағы ауытқушылықты жоя алмаймыз. Оның үстіне ол азғындар енді түрмеге бір түскен соң, шыға алмайды ғой. Яғни қоғамға олардан еш қауіп төнбейді.

Заң жобасы балалар мен әйелдердің ғана емес, келіншегінің тепкісі мен теперішін көріп жүрген еркектердің де құқығын қорғауды көздейді. Бұдан бөлек, балалар үйлері мен интернаттарды енді тосыннан тексеруге рұқсат бар. Әйтпесе бұған дейін комиссияның келетінінін бір ай бұрын біліп алған басшылық орталықтан келген тексерісті құдасындай, бар сән-салтанатымен күтіп алатын. Ал қолда бардың қадіріне жетпей, әйелінің басын жарып, көзін шығарғандар енді 8 жылға дейін сотталады.

Жұлдыз Сүлейменова, Мәжіліс депутаты:

Егер қылмыстық құқық бұзған азаматты сот кінәлі деп тапса, үш айдан бір жылға дейін жәбірленушіге мүлдем жақындамауға, тіпті телефон арқылы немесе басқа азаматтар арқылы мүлдем байланысқа түсуге тыйым салынатын жалпы талаптар бегіленеді.

Қит етсе болды отбасы жанжалына погондағыларды араластыруға кей депутаттар қарсы. Көптің қолдауына ие болған заң қайта ажырасуды өршітіп жібермей ме деген қауіптің бары жасырын емес.

Ерлан Сайыров, Мәжіліс депутаты:

Шынын айту керек, қазіргі заманда біздің ұлдарымыз бен қыздарымызды үйлендірудің өзі үлкен проблема. Оны барлығымыз жақсы білеміз. Ал ертең мына ішкі жалпы өнімді өсіретін адам. Ертең олар үйленбесе, бала табу тоқтаса, онда біздің мемлекетімізді кім дамытады деген екінші сұрақ пайда болады.

Әріптесінің сөзін басқа мәжілісмендер де қолдап отыр. Қоғамда әке асқар тау деген түсініктің жоғалып бара жатқанына қынжылған Ермұрат Бапи «Отағасы туралы» заң шығаруды сұрады.

Ермұрат Бапи, Мәжіліс депутаты:

Осы залда отырғандардың көпшілігі «әкең келе жатыр, әкең келсе, сазайыңды береді» деген тәрбиемен өстік қой. Мүмкін әкенің рөлін көтеру үшін «Отағасы туралы» заң қабылдау керек шығар.

Депутат Ермұрат Бапидың сөзін ду қол шапалақпен қолдаған депутаттар енді келесі кезекте «Отағасы» заңына кіріспекші. Ал бүгін үш сағатқа жуық қаралған құжат екінші оқылымда тез қабылданып, Сенатқа жолданса, суицидті насихаттап, өмірмен қош айтысуға итермелегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Айтпақшы, 14 жасқа дейінгі балаларды енді «автобусқа төлейтін пұлың жоқ екен» деп түсіріп кетуге мүлдем болмайды. Түсіріп кеткен жағдайда, кондуктор жаза арқалайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.