Алматы ауруханасында ВИЧ жұқтыру дерегі бойынша тергеу аяқталды
Алматының орталық клиникалық ауруханасында пациенттердің ВИЧ жұқтыру дерегі бойынша тергеу аяқталды. Бас дәрігер мен оның ауруханадағы эпидемиологиялық жағдайға жауапты орынбасары қызметінен босатылды. Ал ота жасау кезінде стандартың сақталуын қадағаламаған екі мейірбикеге тәртіптік жаза қолданыпты. Тексеріс қорытындысы құзырлы органдарға жолданған.
Автор: Әсем Лесбек
22.02.2024
Нұрқан Сәдуақасов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің төрағасы:
— Былтыр шілде айында Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада үш пациенттің ВИЧ жұқтырғаны анықталды. Тексеру жүргізген комиссия бұл сұмдық жағдай адами фактормен, атап айтқанда, орта медперсоналдың инвазивті манипуляция жүргізу кезінде операциялық процедура стандарттарын бұзуымен және олардың қызметіне бақылау болмауымен байланысты деген қорытындыға келді. Қазір ВИЧ-инфекция жұқтырған үш пациент СПИД орталыққа диспансерлік есепте тұр. Сондай-ақ жеке емдеу схемасы бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілген. Оларға жергілікті бюджет есебінен барлық қажет медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!