{metadescription}
Тимур Жақсылықов: Апат болмасын десек, қымбат тарифке көнеміз
Тимур Жақсылықов: Апат болмасын десек, қымбат тарифке көнеміз

Тимур Жақсылықов: Апат болмасын десек, қымбат тарифке көнеміз

Апат болмасын десек, тарифтің қымбаттағанына көндігуіміз керек. Жыл басталғалы түбіртектегі түпкі санды көріп жағасын ұстаған қазақстандықтарға ұлттық экономика вице-министрі осылай басу айтты.

Жалпы қаңтардан бастап коммуналдық төлем жер-жерде 20-25 пайызға өскен. Ал тариф әлі талай құбылады. Тек бұған жауаптылар қандай қарқынмен өсетініне болжам жасай алмай отыр. Тозығы 80 пайызға жеткен инфрақұрылымды жаңарту  кезек күттірмейтін мәселе дейді жауапты министрлік.

Тимур Жақсылықов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі

 Елімізде коммуналдық салаға тиісті деңгейде қаржы бөлінбеген. Егер біз апат болмасын десек, инфрақұрылымды жаңартып, инвестиция тартуымыз керек. Инвестиция салудың екі көзі бар: біріншісі  тариф пен тұтынушы, екіншісі  бюджет, салық төлеушілер қаржысы, яғни сіз бен біз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.