{metadescription}
Қанты көп газды сусын өндірушілерге қосымша салық салынуы мүмкін
Қанты көп газды сусын өндірушілерге қосымша салық салынуы мүмкін

Қанты көп газды сусын өндірушілерге қосымша салық салынуы мүмкін

Дәмі тәтті, азабы қатты. Құрамында қанты көп газды сусын өндірушілерге қосымша салық салынуы мүмкін. Бастаманың жаршысы — денсаулық сақтау министрлігі.

Танымал брендтегі сусындарға салық салу әлемнің көптеген елінде қолға алынған. Себебі зерттеулер соңғы кезде балалар арасында семіздік пен қант диабетіне душар болғандардың саны артқанын көрсетіп отыр. Дәрігерлердің дерегінше, көптің аңсары ауып тұратын қарапайым газдалған сусынның жарты литрінде 10 күндік қант дозасы бар. Ал өндірушілер ұлт денсаулығы үшін күресте басқа жол таңдаған дұрыс деген пікірде. Себебі акциз енгізу  тауардың қымбаттауына, тіпті соны өндіретін кәсіпорындардың жабылуына әкеп соғуы мүмкін.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

Мәселен, күнделікті жұрт тұтынатын коланың жарты литрінде баланың он күн жейтін қантының мөлшері болады. Бұл сұмдық қой. Ойлаңызшы, барлық ағза шекермен бітеледі. Семіздіктен бастап, аурудың түр-түріне баланы өз қолымызбен шалдықтырып жатырмыз. Сол үшін мұндай сусындарға акциз салуды қолдаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.