{metadescription}
Бишімбаев ісі: Марқұм С. Нүкенованың бауыры қылмыс болған сәтті жариялады
Бишімбаев ісі: Марқұм С. Нүкенованың бауыры қылмыс болған сәтті жариялады

Бишімбаев ісі: Марқұм С. Нүкенованың бауыры қылмыс болған сәтті жариялады

Фотосуреттер дәлел. Бишімбаевтың жұбайы марқұм Салтанат Нүкенованың бауыры бүгін әлеуметтік желідегі парақшасына қылмыс болған сәтті жариялады. Екі суретте экс-министрдің келіншегін ұрып құлатқанын көруге болады.

Сондай-ақ сот-медициналық сараптама қорытындысының үзіндісімен де бөліскен. Онда сарапшылар басынан, кем дегенде, 13 рет соққы алды деген қорытындыға келіпті. «Бұдан да басқа суреттер, видеодәлелдер жеткілікті», - депті Айтбек Амангелді. Мұны ол Бишімбаевтың адвокаттарының мәлімдемесіне жауап ретінде салып отыр. Күні кеше ғана олар экс-министр келіншегін өлтірмеуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев 9 қарашада ұсталған. Экс-министр некелі жарын асқан қатыгездікпен өлтірді деп айыпталуда. Марқұм Салтанат Нүкенова оқиға орнында алған ауыр жарақатынан тіл тартпай кеткен-ді. Бұрын істі болған, бірақ жазасын толық өтемей бостандыққа шыққан Бишімбаевқа бұл жолы қаншалықты ауыр жаза тағайындалатыны әзірге белгісіз. Күдікті қазір тергеу изоляторында. Сот процесі басталуға жақын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде