{metadescription}
Газ тартылмай қалған Мұғалжардағы бершігүрліктер тоғыз ай пеш жағып отыр
Газ тартылмай қалған Мұғалжардағы бершігүрліктер тоғыз ай пеш жағып отыр

Газ тартылмай қалған Мұғалжардағы бершігүрліктер тоғыз ай пеш жағып отыр

Ақтөбе облысындағы таулы аймақтың тұрғындары тоңып отыр. Мұғалжар етегіндегі Бершігүр тұрғындары көрші ауылдарға тартылған газ бұл жаққа жүргізілмегеніне ашулы. Көмір құны да күн санап қымбаттап, оны тасу қиындап кеткен. Тоғыз ай бойы пеш жағатын бершігүрліктер әкімдердің уәдесіне тойдық деп ашынады.

Мұғалжар тауының етегіндегі Бершігүр ауылында бес жүзге жуық шаңырақ бар. Шалқар ауданына қарасты бұл елдімекеннің айналасын қиыршық тас өндіретін зауыттар қоршап алған. Бірақ ол өндірістен тұрғылықты халыққа түк пайда жоқ. Көрші ауылдардың бәріне тартылған көгілдір отыннан да бершігүрліктер тыс қалыпты.

Серікбай Боранов:

Мына Мұғалжарда тап жанымызда. Қотыртас та. Екі ортада Бершігүр қалып тұр. Көрші ауылымыз жағып отыр. Бізде жоқ. Дым жоқ.

Айнагүл Аманбай, Бершігүр ауылының тұрғыны:

Бізден ештеңесі жоқ Қотыртаста бар, ал бізде бақандай он зауыт, ал онда ештеңе жоқ, бірақ газ жағып отыр. Бес жыл болды ма, биыл жаққанына. Ар жағында Қауылжыр деген он үй бар. Он үй газ жағып отыр. Біз мың жарым адам бар Бершігүрде газ жоқ дегенге, енді адам күлетіндей ғой, былай қарасаң.

Ала-бөле жалғыз Бершігүрге газ тартылмай отырғанын тұрғындар немен байланыстырарын білмей дал. Күн сайын көмір де қымбаттап, оны жеткізу қиындап кеткен. Қазір көмірді мұндағылар тоннасын 28-30 мың теңгеден сатып алады. Таулы аймақта қыс ұзақ, жазы да салқын.

Райымгүл Құдайбергенова:

Жағдайы келген көмір алады, келмегені ала алмайды. Ол көмірді әкеледі де, ышқындырып сатады. Амалың жоқ, аласың.. Газды сұрағанымызға он жылдан асып кетті. Жиналыс болған сайын айтылады. Ақыр аяғында «болмайды» дегенге қиналып отырмыз.

Шенеуніктер бершігүрліктерге «шыдай тұрыңдар» деуден жалығар емес. Құжаттары дайын болғанымен, енді республикалық қазынадан ақша бөлінуін күтіп отырмыз деп ақталады.

Нұртай Сертаев, Ақтөбе облысы энергетика басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Осы ақпан айының соңында сараптама қортындысын алу жоспарлануда. Қорытындысын алғаннан кейін, ол бюджеттік ұсыныс республикаға жолданады. Егер республикалық бюджеттен оң шешім қабылданса,әрі қарай құрылыс-монтаж жұмыс жүргізу үшін рәсімделеді.

Қазынадан қаржы бөлінсе, газ тартуды биыл бастаймыз деп сендіреді әкімдіктегілер. Бірақ бұған ауыл халқы күмәнмен қарайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде