{metadescription}
Таразда 300-ден нысан ішетін суды ысырап еткен
Таразда 300-ден нысан ішетін суды ысырап еткен

Таразда 300-ден нысан ішетін суды ысырап еткен

Судың да сұрауы бар. Таразда көлік жуу орталықтары техникалық мақсатқа ауызсуды пайдаланып келген. Ішетін суды ысырап еткен нысан саны 300-ден асады. Арасында қоғамдық моншалар мен бассейндер де бар.

Ауыз суды аяусыз пайдаланғандардың әрекетін Облыстық табиғатты қорғау прокуратурасы анықтады. Олардың айтуынша, қаладағы 137 моншаның тек екеуінің ғана су пайдалануға рұқсаты болған. Ал 146 көлік жуу орталығының жетеуі ғана заңды жұмыс істеп келіпті.

34 қоғамдық бассейннің барлығы хауыздарын ауызсумен толтырып отырған. Заң бойынша бұл нысандар жерасты суын пайдалануы тиіс. Алайда рұқсаты жоқ кәсіпкерлер орталықтандырылған құбырға қосылып алған. Енді бұған көз жұма қараған «Жамбыл су» мекемесіне айыппұл салынбақ.

Айта кетейік, қаладағы бір монша жылына 20 мың тоннадан астам су пайдаланады.

Еркін Әлмаханов, Жамбыл облысы табиғатты қорғау прокуратурасының аға прокуроры:

Кәсіпкерлерге бірінші маусымға дейін уақыт берілді, бүкіл ауызсу алуды заңдастыру жөнінде. Егер одан кейін заңдастырмаса, онда «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің 41-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салынады. Ол 40 АЕК, 260 АЕК аралығында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде