{metadescription}
Дабыл: Алматылықтардың жер сілкінісіне дайындығын тексереді
Дабыл: Алматылықтардың жер сілкінісіне дайындығын тексереді

Дабыл: Алматылықтардың жер сілкінісіне дайындығын тексереді

Дабыл дауысын естіген бойда ғимараттан қауіпсіз жерге шығу керек! Төтенше жағдайлар қызметі Алматы тұрғындарына осындай хабарлама жасады. Құтқарушылар ертең сағат онда дабыл жүйесін қосып, жер сілкінісі бола қалған жағдайдағы тұрғындардың белсенділігін тексеріп көрмекші.

Төтеншеліктер бұл сейсможаттығуға тұрғындардың бейжай қарамауын сұрайды. Дабыл қағысымен үйден, кеңседен, жалпы кез келген ғимарат ішінен қауіпсіз жерге шығу қажет. Негізі қалада мұндай жаттығулар былтырдан бері 191 рет өткізіліпті. Ал жұрттың белсенділігі тым төмен дейді құтқарушылар. Алматыда қаңтардағы жер сілкінісінен кейінгі афтершок әлі болып жатыр. Бүгінге дейін осындай 7 мыңнан аса афтершок тіркелген. Соңғысы кеше түнде сағат 12 шамасында болды. Мұндай білінер-білінбес жерасты дүмпуі қалыпты жағдай дейді құтқарушылар.

Нұрлан Атығаев, Алматы қаласы ТЖД бастығы:

Негізгі мақсаты қала тұрғындарының жер сілкінісі болған жағдайда абдырап қалмай, дұрыс әрекет жасауы. Осылайша тұрғындар эвакуация маршруттарын, қауіпсіз орындарды алдынала анықтап, дабыл қағатын чемодандарды дайындау қажет. Жыл соңына дейін қалада 7 және одан да көп балдық жер сілкінісі күтілмейді. Осыған байланысты сейсможаттығу қандай да бір жер сілкінісін күтумен байланысты емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде