{metadescription}
Қарызы бар медициналық мекемелер тексеріліп, жауапқа тартылады
Қарызы бар медициналық мекемелер тексеріліп, жауапқа тартылады

Қарызы бар медициналық мекемелер тексеріліп, жауапқа тартылады

400-ден астам медициналық ұйымның 82 млрд теңге қарызы бар. Берешегі бар медициналық мекемелердің жағдайы егжей-тегжей тексеріліп, кінәлілер жауапқа тартылады дейді денсаулық сақтау министрі.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Бүгінде 400-ден астам медициналық ұйымның 82 млрд теңге созылмалы неселік берешегі мәселесін жедел шешу қажет. Тариф қалыптастырудың жетілмеген жүйесі, медициналық көмек көлемін айқындаудың ашықтығы қалыптасқан жағдайдың негізгі себептеріне айналды.

Медициналық көмектің көлемін, шығыстарды және тарифтік саясатты жоспарлаудың бірқатар мемлекеттік функциясын ведомство өз қарамағына қайтаруды жоспарлап отыр. Жалпы Мемлекеттік медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығы мен табысын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қабылданбақ. Бұл мәселені медициналық ұйымдардың бірінші басшылары шешуге міндеттеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде