Сүйінші! Ақпанда оныншы — мерейтойлық «Kaspi Жұма» өткізіледі
Тиімді зат сатып алу үшін қазақстандықтар бүкілхалықтық "Kaspi Жұма" мерекесін күтеді. Бұл жолы елдегі сауда саласындағы ең ірі оқиға ақпан айында өтеді.
Автор: Әсем Лесбек
22.02.2024
Осы уақытқа дейін «Kaspi Жұма» — бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі жылына екі рет өткізілетін. Бірақ көпшілік тиімді сауданы жиі жасағысы келді.
— Менің ойымша бұл өте ыңғайлы. «Каспи Жұманы» жиірек жасап отырса.
— «Каспи Жұма» басталғалы қатысып келе жатырмыз, бізге өте тиімді.
— «Каспи Жұмаға» көп-көп рахмет!Көп адамға, қазақстандықтарға жақсы жағдай жасап жатыр.
Сондықтан Kaspi.kz барша қазақстандықтарға сыйлық жасап, оныншы, мерейтойлық «Kaspi Жұманы» ақпан айында өткізуді жөн көрді.
Мерекеге он мыңдаған шағын және орта бизнес компаниясы мен Adidas, Alina Group, Alser, EuroMebel, EVRIKA, Intertop, «Қазақювелир», Kari, KIMEX, «Комфорт», «Мечта», Mon Amie, Leroy Merlin, Qazaq Republic, Sulpak, Technodom сынды қазақстандық және әлемдік жетекші брендтер де қатысады.
Аяжан Зекенова, қазақстандық Kirpi.kz брендінің операциялық директоры:
— Біз қазақстандық орта, шағын бизнеспіз. Өндіріспен айналысамыз. «Каспи Жұма» сатып алу мерекесі бәріне пайдалы. Дайындалып жатырмыз. Сатып алушылар көп болады. Көп клиенттеріміз күтеді. Ұйымдастырушыларға көп рахмет!
Райхан Хабдуллина, Sportmaster дүкенінің әкімшісі:
— «Kaspi Жұманы» біздің клиенттер өте жақсы көреді. Оны біз де жақсы көремі және де алдын ала дайындаламыз. «Kaspi Жұмада» бізде 3-4 есе тауар өтеді. Сондай бір мереке деп айтуға болады. Өйткені барлығы күтеді ғой. Барлық адам күтеді. Біздің тұтынушылар да күтеді. Бәрі келіп сұрайды. Сұраныс өте көп, «Kaspi Жұмаға»!
Тиімді сауда мерекесіне тек сатушылар ғана емес, жеткізу қызметі де дайындалуда. Әрбір тұтынушының тапсырысы үйіне немесе жақын маңдағы Kaspi Postamat-қа жеткізіледі.
Саян Кәкен, Aquila Logistics курьер компаниясының операция директоры:
— «Каспи Жұмаға» дайындаламыз. Бізде жүк тасымалдаушылардың өзі қазіргі 50 істеп жатса, «Каспи Жұма» кезімізде 100-ге кісі аламыз. Жай күндері 5000-6000 тапсырыс тасимыз. Ал «Каспи Жұма» кезінде. 12000 – 13000 тапсырыс, бір күнде. Өте керемет! «Каспи Жұманы» кәдімгі мерекедей күтеміз.
Әр «Kaspi Жұма» тек сатып алушылар үшін ғана емес, отандық бизнес, әсіресе шағын компаниялар үшін де үлкен оқиға. Осы үш күнде қазақстандық кәсіпкерлер сату көлемін бірнеше есеге арттырады. Соның арқасында бизнес одан әрі дамып, ел экономикасын нығайтып, жаңа жұмыс орнын ашады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!