{metadescription}
Сайрамда тепкі көрген балалардың әкесі өгей екені анықталды
Сайрамда тепкі көрген балалардың әкесі өгей екені анықталды

Сайрамда тепкі көрген балалардың әкесі өгей екені анықталды

Түркістан облысында кішкентай балаларды тепкілеп жәбір көрсеткен күдікті қамауға алынды. Әлеуметтік желіге таралған оқиға Сайрам ауданында болған.

Қолына бүлдіршінді ұстаған еңгезердей жігіт жерде еңбектеп жүрген балақайларға дауыс көтеріп, теуіп жатыр. Кейін оның жәбір көрген балалардың өгей әкесі екені анықталды. Ал жантүршігерлік жағдайды шімірікпей таспаға түсіріп тұрған адамның кім екені әзірге белгісіз. Десе де аталмыш видео әлеуметтік желіге тараған соң, тәртіп сақшылары кішкентайларға күш көрсеткен азаматты ұстаған. Енді тергеушілер күдіктіден балақайларға неге өшіккенін анықтап жатыр.

Асылжан Қалдарбеков, Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары:

Тергеу әрекеттері жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайы анықталуда. Істің тергелуі Түркістан облысы полиция департаменті бастығының жеке бақылауында. Жалған ақпарат таратқанға заңда жауапкершілік қаралғанын ескерте отырып, азаматтардан тек ресми дереккөздеріне сүйенуді сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде