{metadescription}
Жібек жолы ауылында адамнан гөрі, қаңғыған ит көп
Жібек жолы ауылында адамнан гөрі, қаңғыған ит көп

Жібек жолы ауылында адамнан гөрі, қаңғыған ит көп

Ауылымызда адамнан гөрі, қаңғыған ит көп. Осылай деп шағымданған Алматы облысындағы Жібек жолы ауылының жұрты балаларын мектепке жіберуге қорқып отыр. Ал бүгін арсылдап үрген иттен шошынған бір бала мектепке кіре алмай кері қайтыпты. «Бұралқы иттер туралы әкімдікке айтқаннан түкте пайда жоқ» - дейді тұрғындар.

Жібек жолы аулының тұрғындары соңғы уақытта көшеде емін-еркін жүріп-тұрудан қалдық деп отыр. Айтуларынша, қаңғыған иттер ауылда өріп жүр. Бәрінен бұрын балалар үшін қауіптенеді. Сол үшін мектепке өздері апарып, алып келеді екен.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, иттер үйірімен жүреді. Бәрі иесіз, қаңғыған ит деуге келмейді. Себебі мектепке жақын орналасқан үйлердің тұрғындары тұмылдырықсыз бос қоя беретін көрінеді. Өткен-кеткенге абалаған иттердің кесірінен балалар мектепке кіре алмай, кері қайтатын жағдайға жетті.

Эльмира Ибрагимова:

 Мектепке балалар келу өте қиын, келсең ит қаптап жүр. Кіре алмайды, балаларымыз. Мысалы, менің балам бүгін мектептің сыртында ит қаптап жүргенін көріп, үйге кетіп қалған. Бұл жерде үнемі ит қаптап жүреді. Тұрғындарға айтарым, иттеріңізді байлап жүрсеңіздер.

Лиза Орақбаева:

Таң ертең көрген видеомыз сұмдық енді. 15-20 ит жүр мына жерде. Кейбір балалар қашыпғ кіре алмай жүр. 1-2 бала кіре алмай қайтып кетті осы жерден. Әр тұрғын өз итін байлап, жақсылап қараса екен деген тілегіміз бар. Әкімшілік сол жағын қолға алса, иттерді құртса. Байламай ма, әкімшілік шара қолдансын. Бұл жерде әкімшілік жауап беру керек қой.

Ал мектеп әкімшілігі ауыл тұрғындарына «сақ болыңыздар» деп ескетркеннен басқағаға құзіретіміз жоқ дейді. Балаға да, мектепке соңынан еріп келетін өз итіне де ие болуға шақыруда.

Мұқағали Мерекеев, Жаңа қазақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Жиналыстарда да айтамыз, мектепте иттер көбейіп кетті. Байлап ұстаңыздар. Басқа балаларға қауіп төндіруі мүмкін, өміріне, денсаулығына. Әкімдікке шағымданып сұраныс хат жіберіп отырамыз. Бүгін де хат жіберілді.

Ауыл әкімі иесіз иттерді ұстайтын арнайы орын жоқ дейді. Сондықтан оларды тек ветеринария қызметі аулап көзін жоя алады екен. Талап бойынша бұралқы иттерді қуып жүріп ұстау деген жоқ деп отыр. Айтуынша, ай сайын 15-20 ит ауланады, сонда да азаймай отыр.

Дәулетжан Деменбаев, Жібек жолы ауыл округі әкімінің орынбасары:

 Қаңғыбас иттер өте көп. Біз ит аулайтын мекемеге апта сайын тапсырыс береміз, келіп, қаңғыбас иттерді аулайды. 15-2 –ға дейін аулап кетеді, бір келгенде, ұстап алып кетеді. Соның өзінде бұл ит саны азаймай жатыр.

Ауыл халқы әкімдікке шағымданғаннан пайда жоқ деп отыр. Тіпті ветеринарлардың ауыл аралап ит аулап жүргенін де көрмедік дейді . Жазатайым оқиғаның алдын алу үшін бұралқы ит санын азайтуда талап етіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.