{metadescription}
 Үй жануарының иесіне жауапкершілік күшейтіледі
 Үй жануарының иесіне жауапкершілік күшейтіледі

Үй жануарының иесіне жауапкершілік күшейтіледі

Қаңғыбас ит-мысықты дәрімен улап өлтіру мәселесі қоғамда қайта қозғалуда. Экология министрі бұл ұсынысқа пікірін айтты. Негізі «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын әзірлеуде ит-мысықтарды аулау, зарарсыздандыру, вакцинациялау мен босатуға мән берілген. «Дегенмен соңғы кездері қаңғыған иттердің шабуылы үдеген соң, бұл қадамға баруға тура келіп отыр». - дейді Ерлан Нысанбаев.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

Жұмыс тобына үй жануарларын қорғаумен айналысатын бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері тартылған.Белсенділер қатысып, ойын білдіруде. Қалай болғанда да, қабаған иттердің адамға шапқан жағдайлары жиілеп кетті. Сол себепті бұл ретте адам денсаулығы бірінші орында болуға тиіс.

Сондықтан, ең алдымен, жануарлардың иесіне жауапкершілікті күшейту керек деп санайды Ерлан Нысанбаев. Егер кімде-кім күшік асырап алғысы келсе, оны өлгенше асырай ала ма деген сұраққа жауап беру керек.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары ауруға шалдыққан, қабаған, тіркеуде жоқ жануарлардың санын реттеу үшін арнайы нормалар әзірлеген. Мәселен, жануарды уақытша ұстау орнында бұралқы иттер 15 күн ішінде, ал қараусыз қалған жануарларға 60 күн ішінде эвтаназиялау ұсынылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде