{metadescription}
АЭС салу: Түсіндіру жұмысы екі ай жүргізіледі
АЭС салу: Түсіндіру жұмысы екі ай жүргізіледі

АЭС салу: Түсіндіру жұмысы екі ай жүргізіледі

Атом электр станциясын салу мәселесі мамырға дейін шешілмейді. Энергетика министрі халыққа түсіндіру жұмысы әлі кемінде екі ай бойы жүргізілетінін жеткізді. Алмасадам Сәтқалиев жалпы атом электр станциясын салу идеясына қатысты азаматтардың пікірінің маңызды екенін айтты.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

Халықпен кездесу кезінде өте жақсы қабылдап жатқанын байқап жүрміз. Министрлер аймақтарды аралап, жиі кездесіп тұрады ғой. Жұрт атом энергетикасы нысандарының құрылысы бойынша жұмысты жеделдету қажеттігі туралы мәселені көтеріп жатыр. Вендорларды, яғни жеткізушілерді таңдауға қатысты да сұрақтар туындайды. Біз оларды түсінеміз, шешім қабылдағанда осы қоғам пікірлері ескеріледі.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізуге кез келген уақытта дайын екендігін мәлімдеген болатын. Десе де Президент тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейін заң бойынша оның орындалуына кемінде екі ай уақыт өтуі тиіс екені де, оның жақын арада болмайтынын айғақтайды. Әзірге энергетика министрлігі түсіндіру жұмысына мән беріп отыр. Ведомство басшысының айтуынша, өңір тұрғындарымен кездесуде олар тек АЭС жайлы ғана емес, сондай-ақ атом өнеркәсібін дамытуды да кеңінен талқылауда. Әсіресе уран өндіруге қатысты сауал көп.

Қорыта айтқанда, мұның бәрі жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.