{metadescription}
Дау-дамайсыз: Ауруынан айықпаған Көлащы тұрғындары көмек сұрады
Дау-дамайсыз: Ауруынан айықпаған Көлащы тұрғындары көмек сұрады

Дау-дамайсыз: Ауруынан айықпаған Көлащы тұрғындары көмек сұрады

Құрқылтайдың ұясындай үш бөлмелі ескі үйде орналасқан медициналық қосынға дертіне дауа іздеп барып, ауруымыздан айықпаймыз деп, Көлащы ауылының тұрғындары біздің арнаның «Дау-дамайсыз» бағдарламасынан көмек сұрайды.

Алматы облысының Қарасай ауданында  алты жарым мың тұрғын 10 жыл бойы  түйткілін айтып бірнеше облыс әкіміне шағымданғанымен, мәселе шешілмеген.

Жаңыл Ермаханова:

Біз келген уақытында доғдыры қайсы екенін білмейміз, санитарка қайсысы екенін білмейміз. Баланы алып келсең де, өзің келсең де. 14 жыл болады, осы жерге келіп жүргеніме. Содан бері, міне, жағдайын қараңдар.  Баласы да сол жерде, әйелдер де сол жерде, дәрігері де бір жерде. Барлығы бір жерде. Ішіне кіріп, өзіңіз көріңіз.

Ақ қар, көк мұзда, жаңбырда, қариялар, балалар да далада кезек күтіп бүрсеңдеп жүр. Тіпті қосынның ішінде қашықтық сақталмаған. Нысанда су да жоқ. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қосында санитария талаптары сақталмағанын мойындады.

«Дау-дамайсыз» бағдарламасы араласқаннан кейін ескі нысанның есігіне құлып салынды. Он жыл бойы емдеу мекемесіне жарымаған жұрт енді не істейді?  Оны «Дау-дамайсыз» бағдарламасынан көріңіздер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде