{metadescription}
Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жетті
Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жетті

Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жетті

Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жетті. Экс-министр енді Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жауап беретін болады.

Айыпталушылардың тізімінде Бишімбаевтан бөлек, оның туысы Бақытжан Байжанов та бар. Қанды қылмыс болған мейрамхана директоры жағдайды дер кезінде құзырлы органдарға хабарламаған, жасырып қалмаққа әрекеттенген деп айыпталған болатын. Ал бұрынғы Ұлттық экономика министрінің өзіне "асқан қатыгездікпен адам өлтіру" мен "ұдайы ұрып-соғу, қинау" деген қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған.

Еске салсақ, Бишімбаевтың қолына былтыр 9 қарашада кісен салынды. Тергеу мәліметінше, ол кезекті кикілжің кезінде өзіне тиесілі мейрамханада әйелі Салтанат Нүкенованы өлімші етіп сабаған. Жас келіншек жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Қанды қылмысты дәлелдейтін видеоны марқұмның туыстары да күні кеше ғана әлеуметтік желіде таратқан еді.

Бұған дейін де бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып, ұзаққа мерзімге сотталған Бишімбаевтың кейін жазасын толық өтемей, мерзімінен бұрын босап шыққан болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде