{metadescription}
Президент Өскемендегі Үстел теннисі орталығына автобус сыйлады
Президент Өскемендегі Үстел теннисі орталығына автобус сыйлады

Президент Өскемендегі Үстел теннисі орталығына автобус сыйлады

Президент Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы өңірдегі өндіріс орындарын аралап көріп, жауапты басшыларға бірқатар тапсырма берді. 

Президент жаңа технологияны пайдалана отырып, сүт өңдеумен және сүт өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпорынның жұмысымен танысты. Бұл компания бүгінде 100-ден астам тауар түрін шығарып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өскемен қаласындағы Үстел теннисі орталығын да көрді. Бұл нысан облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында құрылған. Облыста енді тәжірибе алмасып, спорттық шеберлігін шыңдау үшін Үстел теннисі академиясын құру жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы орталыққа автобус сыйлап, жас спортшыларға табыс тіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде