{metadescription}
Алматы облысында тұрғын үйде өрт шығып бір адам ажал құшты
Алматы облысында тұрғын үйде өрт шығып бір адам ажал құшты

Алматы облысында тұрғын үйде өрт шығып бір адам ажал құшты

Алматы облысында тұрғын үйде өрт шығып бір адам ажал құшты. Түн ортасында тұтанып ілезде пәтер ішін түгел шарпыған оттың ортасынан 64 жастағы зейнеткер шыға алмай қалған. Көршілерінің айтуынша, қария жалғыз тұрыпты. Жұбайы осыдан үш ай бұрын көз жұмған екен.

Қыс кезінде қазір осындай оқыс оқиғалар жиіледі дейді төтеншеліктер. Сондықтан отты немесе электр жылытқыштарды пайдаланғанда аса сақ болуға шақырып отыр.

Тілсіз жау Райымбек ауылындағы жер үйлердің бірінде, жұрт шырт ұйқыда жатқанда тұтанған. Лезде күш алған жалын екі бөлмелі пәтердің ішін түгел шарпып, шатырын ортасына түсіріпті. Лапылдап жанған отты көршілері байқап өрт сөндірушілерді шақырған.

Болат Бұралхиев, Райымбек ауылының тұрғыны

Түнгі сағат 2:40, 2:50-де бірдеңке тарсылдайды. Әйелім келіп оятты. Коля көршінің үйі өртеніп жатыр деді. Атып шығып өрт сөндірушілерді шақырдық. 20 жылдан бері көрші тұратынмын.

Отты өшіруге екі сағаттай уақыт кеткен. Құтқарушылыар үй ішінен 64 жастағы азаматтың мәйітін тапты. Қаралы хабарды ести сала алып-ұшып оқиға орнына жеткен Галина Гуленко бұл отбасын жақсы таниды екен.

Галина Гуленко:

Күндіз көшеге шыққанымда бір түрлі бір ыстың исі сезілген. Түтін жоқ қой деп мән бермедім. Соған қарағанда көршімнің үйіндегі өрт мүмкін күндізден бастап тұтанды ма, кім біледі. Жақсы адам еді. Ешкімге зияны жоқ. Жалғыз өзі тұратын. Туыстарының бәрі жан-жақта. Қызы Ресейде. Әйелі желтоқсан айында ғана қаза болған еді.

Болжам бойынша, өрт электр сымдарының тұйықталуынан тұтануы мүмкін. Нақты себебі сараптамадан кейін белгілі болады.

Самат Кенжехан, Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

Өрт себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ зертханасымен анықтау бөлімі жіберілді. Өртті сөндіруге Алматы ТЖД  11 қызметкері мен үш техникасы, аудандық полиция бөлімімің үш қызметкері мен техникасы жұмылдырылды. Алматы ТЖД азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Төтеншеліктердің бұлай ауық-ауық үндеу жасап тұруы бекер емес. Өйткені қыс мезгілінде пештен немесе электр жылытқыштардан өрт жиіледі. Осындай жағдай Алматы облысының Қаратұрық ауылында да тіркелді. Мұнда бір үйдің үш адамы ыс тиіп ауруханаға түскен. 50 жастағы анасы мен оның екі қызы қазір дәрігерлердің бақылауында.

Азамат Қалымбетов:

 Үйде ТЖД қызметкерлері қойып кеткен дабыл бар, соның арқасында ояндым. Түнгі сағат бір шамасында. Сол уақытта ыстың иісі бар екен. Терезелерді ашып қойдым. Таң ата атқанда балалар иістеніп қалыпты. Әйелім мен екі қызым ауруханада емделді. Екі қызым үйге қайтып келді. қайтіп келді. Үш сағаттан кейін жақсы болыпты. Әйелім ауруханада жатыр.

Қайта дабыл дер кезінде қағылып, адамдар аман қалды. Жалпы жыл басталғалы тек Алматы облысының өзінде өрттен бес адам қаза тауып, екі адам газға уланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде