{metadescription}
Бершігүрдегі бір жарым ғасырлық шипажайды жауып, елу қызметкер жұмыссыз қалған
Бершігүрдегі бір жарым ғасырлық шипажайды жауып, елу қызметкер жұмыссыз қалған

Бершігүрдегі бір жарым ғасырлық шипажайды жауып, елу қызметкер жұмыссыз қалған

Елімізде ең алғаш ашылған шипажайдың елуге тарта қызметкері жұмыссыз отыр. Үш жыл бұрын Ақтөбе облысының шенеуніктері өкпесіне құрт түскендерді емдейтін орталықтың «қажеті жоқ» деп шешкен. Тау етегінде қаңырап бос қалған ғимараттарды он күзетші қарауылдап қалыпты.

Гүлжанат Есенаманова:

Жұмыссыз қалдық. Елу жұмысшы елу жерде қалдық. Содан кейін бізді, сегіз әйелді, аз қамтылған отбасы, жалғызбасты аналарды алды да, осы ғимаратты тонап кетпесін деп күзетші етіп қойды. Онда да біз қоғамдық жұмысшы ретінде тіркеліп тұрмыз. Ол да уақытша.

Әлияш Тоғанова, Бершігүр ауылының тұрғыны:

Елу шақты адам жұмыссыз қалды. Бәрін жұмыспен қамтамасыз етеміз, медиктерге де жұмыс тауып береміз, бәріне жұмыс тауып береміз деп еді. Еш нәтиже болған жоқ. Бәрі тентіреп, жан-жаққа кетті.

Шалқар ауданындағы Бершігүр ауылындағы туберкулезден емдейтін шипажай бір жарым ғасыр бұрын ашылған. Жалғыз ұлының дертіне дауа іздеген орыс көпесі 1860 жылы Мұғалжар тауына келеді. Осы жерде баласы ауруынан құлан-таза айығады. Кейін шипажай ашып, шетелдіктерге дейін осында ағылып келеді. Сол санаторий осыдан үш жыл бұрын шенеуніктерге керегі болмай қалды. Туберкулезден емдейтін орталықты Темір ауданына көшіріп жіберген. Қаңырап бос қалған алпыстан аса ғимаратты Шалқар әкімдігінің иелігіне аударыпты. Олар шипажай орнына не істерін білмей дал. Басшылар туберкулез дерті азайған соң, тау етегіндегі шипажайдың қажеті болмады деп ақталып отыр.

Ерлан Ілиясов, Ақтөбе облысы Фтизиопульмонология орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

Кеңес кезінде Бершігүрдегі шипажай керек болды. Ол кезде эпидахуал ушығып тұрды. Туберкулезбен ауратындар көп, емдеу әдістері де бөлек еді. Қазір бәрі басқаша. Туберкулезді емдеуге мүмкіндіктеріміз мол. Сондықтан шипажайды Темір ауданындағы бұрынғы туберкулезге қарсы диспансерге көшірдік. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде