{metadescription}
Астана әуежайында өрт. Жолаушыларға өтемақы төленбейді
Астана әуежайында өрт. Жолаушыларға өтемақы төленбейді

Астана әуежайында өрт. Жолаушыларға өтемақы төленбейді

Астана халықаралық әуежайында өрт шықты. «Ғимараттағы терминалдың электр торабы тұрған бөлмесі тұтанып жатыр» деген ақпар 112 құтқару таңғы уақытта қызметіне түскен. Бас-аяғы 18 рейс кешіктіріліп, 500-ден аса адам сыртқа шығарылды. Тілсіз жаудың кесірінен діттеген жеріне ұша алмай қалғандарға әуекомпаниялар тарапынан өтемақы төлене ме?

Астана халықаралық әуежайына таңмен таласа тіркеуден өтіп, ұшаққа бет алған жолаушылар бір мезетте қою қара түтіннің құрсауында қалды. Тек әуе айлағының дауыс зорайтқышынан өрт шыққаны туралы хабарлама айтылғанда жұрт шу ете түсті. Көк түтіннің қарқынынан қорыққандар жапа-тармағай төтеншеліктерді күтпей, сыртқа қашқан.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында өрттің неден шыққаны белгілі болды. Төтеншеліктер терминалдың электр қалқаны тұтанып кетті деп ресми мәлімдеді. Шамамен 10-15 шаршы метр өрт құрсауында қалып, 18 рейс кешігіп ұшты.

Қайрат Жұмағалиев, Астана қаласы, Есіл ауданы ТЖБ басшысының орынбасары:

Өрт болған кезде шамамен 500 адам сыртқа шығарылып, сосын түсіндірген кезде қайта ішке кірді. Өрт сөндіруге 18 техника және 76 қызметкер жұмылдырылды.

Бір мезетте әуежай жұмысының астаң-кестеңін шығарған өрт сыртқы рейстстерді қабылдауды тоқтатпаған. Ал көк түтіннен көз аша алмай қалған 1 және 2-ші терминалдың жолаушылары арнайы көмек көрсету ғимаратына орналастырылды.

Тойгүл Жұбанысова, Астана халықаралық әуежайының ресми өкілі:

Қатты түтін екі терминалға жеткеннен кейін біз жолаушыларды, шығарып салушыларды, келушілерді эвуакуациялауға мәжбүр болдық. Оған әуежайдың арнайы ғимараттары бар, соған эвакуацияладық. Дер кезінде ыстық және салқын сусындар мен тіскебасар тағаммен қамтамасыз еттік.

Сағаттап рейсін күткен кей жолаушылар әуе компанияларының мұндай шарапатын көрмедік дейді. Тіскебасар тұрмақ, бір жұтым су да ұрттап ішпеген. Ал өрт салдарынан кешігіп ұшқаны үшін әуе компаниялар жолаушыларға өтемақы төлемейтінін мәлімдепті.

Жолаушы:

Рейсіміз сағат 12:40-та еді, Шымкентке, үш сағаттай кешікті. Бізге ешкім ештеңе берген жоқ. Кофесін де, суын да көрген жоқпыз. Күтіп отырмыз. Ешкім жағдайымызды сұрамады, келмеді.

Әуежайдағы жағдай түс ауа тұрақтала бастаған. Шымкент, Жезқазған мен Алматыға бағыт алған ұшақтар бірінші болып көкке көтерілді. Ал көліктерге арналған кіреберістегі ақылы шлагбаумдар сол күйі іскке қосылмай ашық тұрды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде