{metadescription}
Олжас Бектенов: Құрылыс мерзімі кешіктірілсе, шара қолданамыз
Олжас Бектенов: Құрылыс мерзімі кешіктірілсе, шара қолданамыз

Олжас Бектенов: Құрылыс мерзімі кешіктірілсе, шара қолданамыз

Құрылыс мерзімі кешіксе, шара қолданамыз. Премьер-министр ауылдардағы емханалар құрылысының баяу жүріп жатқанын сынады. Олжас Бектенов Үкіметте бірнеше рет қаралған мәселенің әлі шешімін таппай келе жатқанына наразы. Былтыр жоспармен салынып бітуге тиіс 309 нысанның бар-жоғы жүзге жетер-жетпесі ғана бой көтерген. Оның өзінде әлі де пайдалануға берілмегені бар.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды әлсіретіп алды. Әкімдіктер де құрылыс орындарын анықтау, жер учаскелерін уақтылы бөлу бойынша түрлі сылтау айтып, мәселені шұғыл шешуге ниет танытқан жоқ. Жобалау құжаттарын рәсімдеу мен сараптама мәселелері де тым кешеуілдеп кетті. Сондықтан ауылдық жерлердегі медицина объектілерінің құрылысын бастау мерзімдері бұзылды.

Премьер-министр "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы бойынша жұмысты біршама жеделдетуді тапсырды. Әрбір нысанның құрылысын, қаржыландыру кезеңінен уақтылы тапсырғанға дейін күнделікті бақылауда ұстау қажет.

Одан бөлек, медициналық жабдықтармен және білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс екені айтылды. Бектенов бұл салаға қатысты үйлестіру мен бақылауды орынбасары Тамара Дүйсеноваға тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде