{metadescription}
29 ақпанда 22:00-ден 1 наурызға дейін бірқатар ақпарат жүйесі қолжетімсіз болады
29 ақпанда 22:00-ден 1 наурызға дейін бірқатар ақпарат жүйесі қолжетімсіз болады

29 ақпанда 22:00-ден 1 наурызға дейін бірқатар ақпарат жүйесі қолжетімсіз болады

Уақыт белдеуінің өзгеруі намаз кестесіне де әсер етеді. 1 наурыздан бастап үш мегаполис пен 12 облыста бір сағатқа артқа жылжуынан сәждеге жығылу уақыты өзгереді.

29 ақпаннан 1наурызға қараған түні сағат түнгі 12:00-де Астана, Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында жергілікті уақыт бір сағатқа артқа жылжытылады. Осылайша Қазақстанның барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуге орналастырылады. Сол себепті 29 ақпанда кешкі 22:00-ден 1 наурызға дейін бірқатар деректер базасында техникалық жұмыс жүргізіледі. Яғни осы аралықта eGov.kz электронды үкіметі, "egov mobile" мобильді қосымшасы, «Е-өтініш» электрондық өтініштер қызметі, "Техникалық бақылау" бірыңғай ақпараттық жүйесі және Ұлттық ақпараттық технологиялар жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар уақытша қолжетімсіз болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде