Алматының қақ ортасында бір-бірін арматурамен аяусыз ұрған
Алматының қақ ортасында бір топ азамат шекісіп қалды. Олар бір-біріне арматура лақтырып, жаға жыртысты. Төбелесті көргендер 102 шақырудың орнына, оны видеоға түсіріп тұрған.
Автор: Әсем Лесбек
27.02.2024
Жігіттердің бір-бірін аяусыз темір арматурамен сабауына не себеп болғаны анықталып жатытр. Текетірес түнде Байтұрсынов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Бейнежазбадан сырт киімсіз бір топ азаматтың мәселені жұдырықпен шешіп жатқанын көруге болады. Куәгерлер оларды ажыратуға тырысқанымен, одан түк шықпапты. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
— Алмалы ауданы полиция басқармасы бұзақылық дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.Төбелеске қатысушылар анықталып, күдіктілер ұсталды.Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!