Республикалық "Тәуелсіздік дәуірі" олимпиадасының жеңімпаздары анықталды
Елордада "Тәуелсіздік дәуірі" атты республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды. Айтулы обаға қатысуға мыңға жуық жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері ниет білдіріп, үздік жиырмасы финалда бақ сынады. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңін зерттеуге бағытталған білім жарысы осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жолы қатысушыларға арналған сауалдардың ауқымы кеңейген.
Автор: Мерей Қалиасқар
27.02.2024
Абылайхан Әбсамат, "Ел үміті" КҚ жобалар жетекшісі:
— Тарихи оқиға көбейді, дағдарыс оқиғалары пайда болды және ҰБ-ға арналған сұрақтар. Сол сұрақтарға жауап беріп, балл жинайды. Келесі Тәуелсіздік дәуірін 2023 жылға дейін көбейтеміз деген болжам бар.
«Ел үміті» корпоратив қорының мұрындық болуымен өткен бірегей олимпиадада 20 оқушы топ-топқа бөлініп білімін сынады. Пайдасы зор, берері мол ойынның бір қызығы, әр қатысушы мемлекет тізгінін ұстап, барынша көшбасшылық қарым-қабілетін көрсетеді. Сыни ойлау мен ынтымақтастық дағдыларын дамытып, жауапкершілікке толы қиын шешім қабылдауды үйренеді. Ойынның екі кезеңінен сүрінбей өтіп, тарих әлеміне еркін бойлап, білімімен көзге түскен алғыр жастар электронды кітап, планшет пен ноутбук сынды бағалы сыйлықтармен мараппатталды. Ал бас жүлде алматылық оқушыға бұйырды.
Нұрәли Қуаныштаев, "Тәуелсіздік дәуірі" республикалық олимпиадасының гран-при иегері:
— Бірінші туры оңай болды, бірақ екінші турында белгілі бір қиыншылықтармен кездестік десем болады. Себебі екінші турда біз әртүрлі дағдарысқа толы оқиғаға тап болдық. Шешу жолдарының біреуін таңдайсың. Ең жақсысын, халыққа пайдасы тиетінін. Ал екіншіден, экономикаға өз үлесін қосатын. Өте қуаныштымын. Мен бұл олимпиадаға қатысамын деп ойламағанмын. Басында менің достарым олимпиадаға қатыссын деп шақырды. Сол достарыма ризамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!