{metadescription}
«Kaspi Жұма» — ақпанның аязында үйден шықпай-ақ жасайтын тиімді сатылым
«Kaspi Жұма» — ақпанның аязында үйден шықпай-ақ жасайтын тиімді сатылым

«Kaspi Жұма» — ақпанның аязында үйден шықпай-ақ жасайтын тиімді сатылым

Қазақстанда оныншы рет «Kaspi Жұма» — бүкіл халыққа тиімді зат сатып алу мерекесі өтті. Мерейлі мереке тұтынушылар мен бизнеске септігі тиді ме?

Бірнеше жылда Қазақстандағы сауда қарқыны күрт өзгерді. Көлеңкелі айналымның орнына – ашық сату. Базарлар мен бөліп төлеу кезінде жиналатын топтың орнын, тегін жеткізу арқылы онлайн сатып алу басты. Бұл өзгерістің негізгі жетекшісі – біздің тиімді сауда туралы көзқарасымызды түбегейлі өзгерткен «Kaspi Жұма» бүкіл халықтың сатып алу мерекесі болды.

Ербол Айболатов, Zaruli Qazaqstan ЖК директоры:

Жалпы көп рахмет Kaspi-ге. Неге десеңіз, «Kaspi Жұма» бізге өте ыңғайлы. Себебі бұл жерде бөліп төлеу мүмкіндігі бар. Ай сайын, мысалы, әр жұма сайын, айына екі жұма болып тұрса, ол да ыңғайлы. «Kaspi Жұманы» адамдар асыға күтеді. «Kaspi Жұмаға» дейінгі күндерде сауда бірыңғай. «Kaspi Жұма» күні саудамыз екі есе артады. Кәдімгідей байқалады.

Диана Әубәкір, Mon Amie дүкенінен сатып алушы:

Қасымдағы құрбыларым «Kaspi Жұма» туралы көптеген ақпарат берді. Олар «Kaspi Жұманы» екінші жыл қолданып келе жатыр. Өзім осы жылы бірінші рет қолданып, өте ыңғайлы екеніне көзім жетті. Екі немесе бір жылға бөліп төлейсің. Менің ойымша , «Kaspi Жұма» төрт мезгілде болса, өте тиімді.

Онлайн сауданың өсуінің арқасында жеткізу саласы да табысты дамып келеді.

Қайрат Мұқан, «Ирбис» жеткізу қызметінің басшысы:

Бізде жай күні 7 мың, 8 мың көлемде тапсырыс болса,» Kaspi Жұмада» екі есе көбейеді. 13,14 мың, 16 мыңға дейін баруы мүмкін. Уақтылы жеткізу үшін біз бар күшімізді саламыз. Тиімділігі тапсырысымыз көп. Ақшамыз да көбейеді.

Ақпанның суық күндері қазақстандықтар үйден шықпай-ақ затты тиімді сатып алу мүмкіндігіне ерекше қуануда.

Айым Нұрахметқалиева, «Технодом» дүкенінен сатып алушы:

Мен осы Kaspi Жұмада осы тоңазытқышты заказать еттім. Ол өте тиімді болды мен үшін. Себебі 260 мың теңге әркімнің қолында болмайды. Сол үшін мен мұны Kaspi Жұмада алдым. Әр сайын ай сайын 10 мыңға төлеп отырамын. Мен үшін ол өте жақсы, әрі тиімді.

Kaspi.kz сонымен қатар бірнеше мың Kaspi Postomat-тан құралған тұтас желісін қалыптастырды. Тіпті шағын елді мекен тұрғыны да де тапсырыс беріп, сатып алған затын өзіне ыңғайлы уақытта ала алады.

Серік Касенов, сатып алушы:

— Мен бәрін алып жатырмын Kaspi Жұма арқылы. Бәрін ақырындап, ақырындап, шетінен.

— Мысалы 200 мыңға аласың затты, оны 24 айға кішкене ақшасы аз шығады да білінбейді. Алған затың қолдана бересің де, ақшасын шетінен төлей бересің.

— Кеше түстен кейін заявка бергем. Бүгін 24 сағаттың ішінде міне алып отырмын. Блендер алғам. Рахмет, тез. Kaspi Postomat ыңғайлы, өте жақсы.

Қолма-қол ақшасыз айналым неғұрлым көп болса, экономика соғұрлым ашық болады. Бюджетке түсетін салық түсімдері артып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Ал сатып алушылар артық төлемсіз және отбасылық бюджетке салмақ түсірмей тиімді зат сатып алу үшін әр Kaspi Жұманы күтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде