Қарағандыда тастанды сәбидің ата-ана ұсталды
Қарағандыда қақаған аязда жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен тасжүрек ата-ана ұсталды. Отбасылы еркек пен жалғызбасты әйел некесіз туылған шақалақты бірге өсіргісі келмепті.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
28.02.2024
Ер адамның жасы 29-да. Ал бір баласы бар жалғызбасты ананың жасы 22-де. Отбасы бар еркек келіншектің көңілдесі екен. Сол себепті екіншісі баласын босанғанына 20 күн толмай жатып шақалақтан құтылауды құп көріпті. Олар баланың өміріне қауіп төндіру бабы бойынша тергеуге алынды.
Естеріңізге салайық, өткен сенбі күні қаладағы үйлердің подьезінен тастанды шақалақ табылған болатын. Аязда тоңып қалған сәби дін аман. Осыдан кейін полицейлер жүктілікпен есепке алынған және жақын арада босанған аналарды түгел тексеріп шыққан. Араға төрт күн салып баланың безбүйрек анасы да, тасжүрек әкесі де ұсталды.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:
— Полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жұмыстардың нәтижесінде жас нәрестені далаға тастап кету бойынша күдікті 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы азаматша ұсталды. Оқиғаның толық мән- жайы анақталуда. Өзге ақпарат тергеу құпялығына сәйкес, жариялауға жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!