{metadescription}
Сырттай сотталған Бергей Рысқалиев шетелде қалай шалқып жүр
Сырттай сотталған Бергей Рысқалиев шетелде қалай шалқып жүр

Сырттай сотталған Бергей Рысқалиев шетелде қалай шалқып жүр

Бергей Рысқалиевтің шетелде шалқып жүруіне еліміздің құзырлы органдары неге жол беріп отыр? Жуырда ғана әлеуметтік желіге шыққан фотодан қашқын әкімнің Лондонда емін-еркін жүріп-тұрып жатқаны белгілі болды. Бас прокуратура сырттай сотталған экс-шенеунікті Қазақстанға алдыртуға Ұлыбританиямен қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісімнің болмауынан деп түсіндірді.

Әсет Шыңдалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Оған қатысты сырттай шығарылған сот үкімі бар. Бір өкініштісі,бізде Лондонмен сотталғандарды беру, яки алмасу туралы келісім жоқ. Егер тиісті келісім болмаса, біздің құқық қорғау органдары ештеңе істей алмайды.

Өзінің аман-сау екенін білдіргендей, Бергей Рысқалиевтің ара-тұра желіге суреттері шығып тұратын. Ал бірнеше күннен бері Атырау облысының бұрынғы әкімі мен Президент әкімшілігінің экс-басшысы Аслан Мусиннің Лондондағы сәнді дүкендердің алдында арқаны кеңге жайып түскен фотосы таралып кетті. Қос экс-шенеуніктің Лондонда жүздесуі бекер болмаса керек. Себебі кейбір деректерге сәйкес, экс-әкім қазір Ұлыбритания астанасында тұрады. Ал Мусин Черногория азаматтығын алып Еуропаға қоныстанған.

Айта кетейік, 57 жастағы Бергей Рысқалиев ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бюджеттің 72 миллиард теңгесін қолды қылғаны үшін сырттай 17 жылға сотталған. Онымен бірге Мәжіліс депутаты болған інісі Аманжан Рысқалиға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде