{metadescription}
Ақпараттық шабуыл: Қуандық Бишімбаевты жақтап, Салтанаттың ағасын айыптаған
Ақпараттық шабуыл: Қуандық Бишімбаевты жақтап, Салтанаттың ағасын айыптаған

Ақпараттық шабуыл: Қуандық Бишімбаевты жақтап, Салтанаттың ағасын айыптаған

Сот процесі тақалған сайын Қуандық Бишімбаевты ақтау әрекеті жиілеп кеткен. Оған мысал — зардап шеккен тараптың адвокаты Жанна Оразбақованың әлеуметтік желідегі жазбасы.

Әңгіме ауаны Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелдіге қарсы жасалған ақпараттық шабуылдар жайында. Қатарынан бірнеше орыс тілді блогер қайғыдан қан жұтып жалғыз қарындасын жоқтап жүрген Айтбекті «педофил» деп айтыптаған. Нақтырақ айтсақ, біркелкі жазылған посттарда Салтанаттың ағасы Қуандық Бишімбаевтың 10 жастағы туған қызына азғындық жасауға оқталды делінген. Алайда экс-министрдің бірінші әйелі Назым Бишімбаева бұл турасында пікір білдіріп, блогерлердің фэйсбук желісінде жариялаған ақпаратын жоққа шығарды.

Назым Бишімбаева, Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі:

Сандырақ, мүлдем өтірік! Қазір баламмен жол жүріп келе жатырмын. Ол да мұндай өтірікке ашулы. Егер ондай жағдай болса, менің ойымша, бұл назардан тыс қалмас еді.

Бас прокуратура Қуандық Бишімбаевты ақтаймын деп барын салып жатқан блогерлердің әрекетіне «бағаны алдағы сот береді» деп отыр. Ал экс-шенеуніктің адвокаттары қайта-қайта сот процесін алқабилердің қатысуымен өткізуді талап етуде. Алайда Бишімбаевтың қалауын сот қанағаттандыра ма, жоқ па, ол әзірге белгісіз.

Әсет Шыңдалиев ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Өздеріңіз білесіздер, Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді. Ол жақта тиісті мемлекеттік айыптаушы болады. Тараптар алқабилер сотына арыз беруге құқылы. Бұл істі қадағалайтын прокурор бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.