Темір жол саласының ардагерлер мемлекет басшысына ерекше тарту жасады
Темір жол саласының жілігін шағып, майын ішкен ардагерлер мемлекет басшысына бүгін ерекше тарту жасады. Шойын жол қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевқа теміржолшылардың бойтұмары саналатын қолшамды беруді жөн санапты.
Автор: Айжан Шамшидин
28.02.2024
Қазақ теміржолының 120 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада Президент ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибелі мамандармен теміржолдың даму перспективасы жөнінде пікір алмасты. Мерекелік іс-шарада мемлекет басшысы телекөпір арқылы Қытайдың Сиан портында Қазақстанға тиесілі көлік-логистика терминалының шымылдығын түрді.
Қос ел үшін бәсі жоғары нысан стратегиялық серіктестікті нығайта түспек. Бұл бастама Қазақстанның Еуразиядағы сенімді транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Құрғақ порттағы Қазақстан терминалын іске қосқан соң, Тоқаев су жаңа инновациялық орталыққа барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
— Мен осы жұмысқа отандық ІТ-компанияларды тартуды толық қолдаймын. Елімізде сондай компаниялар аз емес. Әлемдік ІТ-компаниялармен тиімді байланс орнату керек. Экономиканың барлық саласында осындай стратегияны жүзеге асырған жөн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!