{metadescription}
Елімізде ғалымдарға атағына қарай үстемақы төлеу ұсынылды
Елімізде ғалымдарға атағына қарай үстемақы төлеу ұсынылды

Елімізде ғалымдарға атағына қарай үстемақы төлеу ұсынылды

Елімізде ғалымдарға атағына қарай үстемақы төлеу ұсынылды. Ғылым және білім саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасы Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Бұл құжатта Мемлекет басшысының осы бағыт бойынша берген бірқатар тапсырмалары қамтылыпты.

Қазір ғылыми зерттеу институттарында немесе университеттерде жұмыс істейтін ғалымдар, PhD докторы, ғылым докторы, ғылым кандидаты сияқты ғылыми дәрежелері үшін ай сайын жалақысына қосымша үстемақы алады. Мәжілісмен Асхат Аймағамбетов енді оларға профессор мен доцент сияқты ғылыми атақтары үшін де лайықты қолдау білдіру керек деп санайды. Мәселен, ғылым докторы 125 мың теңге үстемақы алса, бұл заң қабылданғаннан кейін ол енді профессор атағы үшін тағы 60 мың теңге көлемінде қосымша ақы алады.

Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты:

Мысалы, доктор PhD, ғылым кандидаты қазір ай сайынғы жалақысына аталған ғылыми дәрежесі үшін 62 мың теңгеге жуық үстемақы алса, енді ол қосымша доцент деген ғылыми атағы үшін тағы 30 мың теңге жуық үстемақы, яғни жалпы алғанда 92 мың теңгені ай сайынғы жалақысына қосымша үстемақы ретінде алуға мүмкіндік беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.