{metadescription}
Атырауда мектеп салып жатқан құрылысшылар жалақысыз қалған
Атырауда мектеп салып жатқан құрылысшылар жалақысыз қалған

Атырауда мектеп салып жатқан құрылысшылар жалақысыз қалған

«Жайлы мектеп» салғандар жалақысыз жүр. Атырауда мемлекеттік бағдарлама бойынша мектеп салып жатқан құрылысшылар шу шығарды. Себебі жұмысшыларға жыл басынан бері жалақы төленбеген. Өңірдегі он екі «Жайлы мектептің» құрылысына «Самұрық Қазына» қоры 40 миллиард теңгеден астам ақша бөлген. Алайда құрылысқа жауапты мердігер жалақы төлейтін қаржы жоқ деп отыр.

Атырауда «Жайлы мектеп» жобасы бойынша он екі білім ошағы бой көтеруде. Бірақ сол ғимараттарды салып жатқан жұмысшылар екі айдан бері жалақысыз жүр. Тіпті зейнетақы мен өзге әлеуметтік аударымдар атымен жоқ дейді жиналғандар. 

Сағат Берқалиев, жұмысшы:

Мектеп салып жатырмыз. Жұмысшымыз. Өз ақшамызға келіп тұрмыз. Бала-шағамыз бар. Масқара ғой мынау! Бір айдың ақшасын толық төлемей, жүргізушілерге жүз мыңнан, елу мыңнан береді. Ал бізге кейін береміз дейді,болды.

Азамат Иманғалиев, жұмысшы:

 Мына жерде тұрған кісілердің ешқайсысы ақшасын ала алмай жүр. Зейнет тқорына аударым жоқ, сақтандыру да жоқ. Еңбек инспекциясы жазғанмен, бұларға бәрібір. Мен кеше еңбек инспекциясына «барамын, жазамын» десем, «маған келіп жазып жатқан адам толып жүр» дейді.

Мердігер компания басты мамандарға айлықты уақтылы береді, ал қарапайым жұмысшыларды сандалтып қояды дейді жиналғандар. Үкіметтің тапсырмасымен «ұлттық жоба» деп жар салған ауқымды құрылыстың Атырау облысындағы он екі мектебіне «Самұрық Қазына» 40 млрд теңгеден астам қаржы бөлген. Оның алтауы қаладан, алтауы аудандарда салынып жатыр. Құрылысқа жауапты «Каспийская кадровая ассоциация» серіктестігінің басшылары жұмысшылардың еңбекақысын уақтылы төлеуге қаражат тапшы дейді. 

Еркінбек Нүсіпов, «Каспийская кадровая ассоциация» ЖШС директоры:

 Себебі қазір бізде қаражат тапшы болып тұр. Мына салып жатқан мектеп бойынша әлі бізге биылға аванс түскен жоқ. Сол мәселе болып тұр.

Алайда «Самұрық Қазынаның» Атыраудағы өкілдері өткен жылы құрылыс компаниясына 7 млрд теңге қаржы бөлінгенін айтады. Сондықтан мердігердің «қаржы жоқ деуі негізсіз» деп отыр.

Азамат Адамов, «Самұрық Қазына» АҚ Атырау облысындағы өңір басшысы:

 Оны қазір анықтаймыз. Өйткені жаңа ғана естіп отырмыз ғой. Басшылыққа да айтылды. Ал жалпы біз былтыр елу пайыз аванс бердік. Осы уақытқа дейін істеліп жатқан құрылысқа ол ақша жеткілікті.

Еңбек инспекциясы аталмыш компания жұмысшыларынан арыз-шағым көп түсетінін айтады. Бұған дейін де 25 адам арыз жазып, жұмыс берушіге айыппұл да салынған. Алайда басынан еңбек дауы арылмаса да, мемлекеттік тапсырысты жиі алатын «Каспийская кадровая ассоциация» серіктестігі селт етер емес. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде