{metadescription}
Енді құран ұстап, таспих тартқанның бәрі уағыз айта алмайды
Енді құран ұстап, таспих тартқанның бәрі уағыз айта алмайды

Енді құран ұстап, таспих тартқанның бәрі уағыз айта алмайды

Енді құран ұстап, таспих тартқандардың барлығы уағыз айта алмайды. Діни басқарма дүмше молдаларды анықтап, бұл құзіретті тек сүзгіден өткеніне ғана береді.

Астанада өткен алғашқы уағызшылар форумында Бас мүфти жамағатқа адал мен арамның ара жігін ажыратып, жалпақ жұртқа уағыз айтатын молдалардың тұғырнамасын бекітті. Мұндағы басты мақсат елді адастырып теріс жолға бағыттаған діни қызметкерлердің, уағызшылардың ізін кесу дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ал әлеуметтік желіде «домбыра харам», «салт-дәстүрден алшақ жүрейік» деп кеуде соққандармен діни басқарма түсіндірме жүргізіп жатыр.

Наурызбай қажы Тағанұлы, бас мүфти :

Аллаға шүкір ,біздің елден, біздің топырақтан әлемге әйгілі үлкен дін ғалымдары шыққан. Осы ата-бабаларымыздың еңбегінің арқасында қазіргі дәстүрлі ислам мен ұлт құндылықтары сабақтасып кеткен. Сондықтан ата-баба жолынан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді сақтап қалу мақсат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде