{metadescription}
Қырғызстан: Ажырасқан әйелдердің екі елі аузына төрт елі қақпақ қоймақ
Қырғызстан: Ажырасқан әйелдердің екі елі аузына төрт елі қақпақ қоймақ

Қырғызстан: Ажырасқан әйелдердің екі елі аузына төрт елі қақпақ қоймақ

Ажырасқан әйелдердің екі елі аузына төрт елі қақпақ қоймақ. Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаров әлеуметтік желіде ата-енесін жамандап жазба қалдырған қыз-келіншектердің тізімін жасауды тапсырды.

Премьер-министрдің айтуынша, кейбір ажырысқан әйелдер әлеуметтік желіде өз төркінін мақтап, қайын жұртын даттап отырады екен. Бұл елдің салт-санасына қайшы. Сондықтан келіншектердің мұндай әрекетіне заңмен тыйым салу керек дейді көрші елдің үкімет басшысы. Алайда қырғыз әйелдеріне бұл сөз ұнамаған секілді. Әлеуметтік желі қолданушылары «ірі шенеуніктің атқаратын ісі қалмай, әйелдермен әлек болды» деп қапалы. Өйткені Акылбек Жапаров бұған дейін де қыз-келіншектерге қатысты пікірі үшін сынға қалған. Ол орта мектептің ашылу салтанатында «ер-азамат табыс тауып, әйел адам үй шаруасына пысық болуы керек» деп қысқа қайырған еді.

Айта кетейік, енді Қырғызстан билігі әлеуметтік желіге бақылау орнатуды мықтап қолға алмақ. Бұған дейін көрші елдің мәдениет министрлігі әлеуметтік желіні бақылау орталығын ашатынын хабарлаған болатын.

Ақылбек Жапаров, Қырғызстан Республикасы, Министрлер кабинетінің төрағасы:

  Ата-салтымызға теріс ақпаратқа шектеу енгізу керек. Қайын ата, қайын енені сыйламаған келін әлеужеліге шығып алып, өз атасымен мақтанып, біреудің үйіне келін болғандар, бәйбіше болғандар ажырасып кеткен соң ашуын алады. Барлығын тәрбиелеуіміз керек. Әлеуметтік желіге шыққаны ұят нәрсе.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде