{metadescription}
СІМ қауіпсіз, соғыстан ада мемлекеттерге саяхаттауға кеңес береді
СІМ қауіпсіз, соғыстан ада мемлекеттерге саяхаттауға кеңес береді

СІМ қауіпсіз, соғыстан ада мемлекеттерге саяхаттауға кеңес береді

Тәліптерден қорқудың қажеті жоқ. Жазда өтетін «Астана» халықаралық форумына арнайы шақырылған Ауғанстанның қазіргі билік өкілдеріне қатысты сыртқы істер министрлігі пікір білдірді.

Форумда тек қос ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасқа назар аударылады. Осы бағыт бойынша келіссөздер жүргізілмекші. Ал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен халықаралық қауымдастық мойындамайтын «Талибан» қозғалысының ішкі саясатына Қазақстан араласпайды. Яғни мүдделес тұста ғана ұшырысамыз. Сондықтан Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы алыс-беріс, барыс-келіс алдағы уақытта да тоқтамайды.

Бүгінде Орта Азия елдерінің біразы тәліптермен байланыс орнатуда. Қазақстан былтыр "Талибанды" тыйым салынған ұйым қатарынан шығару туралы шешім қабылдады. Өз кезегінде сыртқы істер министрлігі отандастарымызға алдағы уақытта тек қауіпсіз, соғыстан ада мемлекеттерге саяхаттауға кеңес береді.

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Әр адам саяхатын жоспарлағанда баратын елдің хал-ахуалына үңілу керек. Ол аймақта теңдесі жоқ шипажай болса да жеке қауіпсіздігіңіз бірінші орында тұруы тиіс. Ал форумға келетін қонақ Ауғанстан үкіметінің сауда министрінің міндетін атқарушы. Бұл кісі былтыр да жаңа құрылған Үкіметтің 200 өкілінің атынан келген. Сондықтан еш қауіп жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде