{metadescription}
Елімізде донорға арналған төлем бес есе артылуы мүмкін
Елімізде донорға арналған төлем бес есе артылуы мүмкін

Елімізде донорға арналған төлем бес есе артылуы мүмкін

Елімізде донорларға арналған төлем бес есе артуы мүмкін. Яғни қан тапсырғаны үшін енді 923 теңге емес, 4615 теңге беріледі. Мың теңге донордың қанын қалыпқа келтіруге жетпейтінін шенеуніктер енді есептеп шыққан. Қазір денсаулық сақтау министрлігі тиісті ережеге өзгеріс енгізгелі жатыр. Өтемақыны көтеру үшін бюджеттен қосымша 848 миллион теңге қажет.

Донорға төленетін өтемақы мөлшерін көтеру мәселесі қараусыз қалмады. Қан тапсырып жүргендердің жайын алғаш ескерген денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еді. Өтемақының өте аз екенін ол өткен айда Сенат депутаты болған кезде қаузаған. Сұрауы үкіметтің құлағына жетіп, енді құнын көтерумен өзі айналысып жатыр.

Тамара Дүйсенова, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

Денсаулық сақтау министрлігі донорға берілетін ақшалай өтемақыны 0,25 АЕК-тен 1,25 АЕК-ке дейін ұлғайту, донорларға төленетін төлем мөлшеріне қатысты ережелерге өзгеріс енгізуді қарастырып жатыр. Бұл ұсынысты республикалық бюджет комиссиясының қарауына жіберу жоспарланған.

Еліміздегі өтемақы мөлшерін өзге елдермен салыстыратын болсақ, арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Мәселен, Беларусь елінде қан тапсырғаның үшін біздің ақшаға шаққанда 5 мың теңгедей төлейді. Көршілес Ресейде 7 мың, Германияда 20 мыңнан асады. Әрі тегін тамақ беріледі. Ал бізде бұл мәселенің көтеріліп келе жатқанына он жылдан асқан. Шенеуніктер енді ғана есептеп, 923 теңгенің энергия шығынын қалыпқа келтіруге жетпейтінін мойындады.

Әйгерім Сағымбаева, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының бөлім меңгерушісі:

Тағамдану академиясы негізі донор қан тапсырып болғаннан кейін 4700 ккал қабылдау керек. Соған қарай қазіргі санға қарағанда бұл 4600 теңге. Сондықтан, біз және үкімет донорлардың қамын ойлап, олардың көңіл күйін көтеру мақсатында, жолақысын төлеуге, донациядан кейін оның тамақтану, яғни 1-2 ас мәзірін қолдануға ат салысса жақсы болар еді.

Студент кезінен қан тапсырып жүрген Нағызхан Байғазиев бұл өзгерісті құптап отыр. «Өзгеге пайдаңды тигіземін деп, өз денсаулығыңнан ажырап қалмау керек» деген пікірде.

Нағызхан Байғазиев:

Шынымды айтсам, мен өзім үшін керек емес. Денсаулығым үшін тапсырып жатырмын. Басқа адамдарға пайда сы тисін деп тапсырамын. Бірақ басқа жандар да бар ғой. Өзі қан тапсырғаннан кейін, ағзазасын қалыпқа келтіру үшін, дәрумен, құнарлы тамақ ішуге керек. Сол мөлшерді көтерген дұрыс.

Жалпы елімізде өз еркімен қан тапсыратындар аз емес. Өткен жылдың өзінде 250 мыңға жуық донор болған. Енді ниет білдіргендерге берілетін қаражат мөлшері белгілі болды. Бірақ аталмыш өзгерістің қашан енгізілетіні әзірге беймәлім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде